Сonference

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы  Әмір Рақыш Сәтұлының 85 жасқа толу мерейтойына орай

 «Қазақ тілі коммуникативтік мәдени жүйеде: тәжірибесі және проблемалары»  атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізеді.

Өтетін уақыты: 24 сәуір 2015жыл.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Пленарлық мәжіліс – конференцзал, 09.00–13.00

Секциялық мәжілістер – 312, 314-аудиториялар.

Конференция жұмысының  негізгі бағыттары:

1. Қазақ тілінің коммуникативтік дәстүрі: оның бүгінгі талаптары;

2. Мәтін лингвистикасы және дискурс құрылымы: іскери және ғылыми коммуникация; БАҚ коммуникациясының мәтін құралдары және жарнама; шешендік өнер;

3. Жоғары және орта мектептерде  тілдерді  оқытудың әдіснамалық негіздері;

4. Қазақ тілін өзге тіл ретінде оқытудың әдіснамасы және заманауи білім беру технологиялары;

5. Қазақ  тілі – мәдениетаралық   қатысымда және шет тілді аудиторияда білім беру үдерісін ұйымдастыру мәселелері;

6. Қазақ  тілінің  тарихы мен  түркітанудың  өзекті мәселелері. 


Publication date :  3/13/2015