Магистратура
Мамандығы:
Цифрлық қазақ тілі
Бiлiктiлiгі:
- ғылыми - педагогикалық бағыт - филология ғылымдары магистрі
- Түлектер моделі
-
Міндетті
пәндер
-
Элективті
пәндер
- Кәсіби
ON1 Ғылым тарихы мен философия, психология, педагогиканың іргелі теориялық мәселелерін, практикалық тәжірибелерін кәсіби салада пайдалану.
ОН2 Шет тілін ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
кәсіби қызметінде, қатысымда қолдану.
ОН3 Мәтін талдаудың әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, графематикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық компьютерлік талдау түрлеріне автоматты түрде сараптама жасау.
ОН4 Мәтінді зерттеудің принциптері мен аспектілерін, мәтін теориясының негізгі мәселелерін, оны зерттеудің ғылыми бағыттарын (психолингвистикалық, прагматикалық, деривациялық, когнитивтік және т.б.), мәтіннің жанрлық және сөйлеу құрылымын зерттеу.
ОН5 Сөз таптарының морфологиялық құрылымдарын автоматты талдау мен оларға белгіленімдер қоюда кездесетін негізгі мәселелерге лингвистикалық сараптама жасау.
ОН6 Инновациялық электронды тілдік ресурстарға (мәтін корпусы, сөздіктер, лексикалық, терминологиялық деректер қоры) аналитикалық, статистикалық зерттеу жүргізу.
ОН7 Тілдік дерек, корпустардың, табиғи тілді автоматты өңдеу үшін қолданылатын жүйелердің сапасын талдау.
ОН8 Компьютерлік лексикография, электрондық сөздік түрлерін, ерекшеліктерін және оның даму бағыттарын бағалау.
ОН9 Түрлі мақсатқа сай электронды сөздік, глоссарий, тезаурус, энциклопедия және анықтамалықтар құрастыру.
ОН10 Машиналық аударма жүйелері мен мәтінді өңдеу бағдарламаларының көмегімен жобалық міндеттерді шешу.
ОН11 Онлайн курс жасауға арналған кәсіби мақсаттағы бағдарламаларды цифрлық технологиялар көмегімен жүзеге асыру.
ОН12 Цифрлық технологиялардың көмегімен қазақ тілін оқытудағы теориялық және әдіснамалық мәселелерді зерттеп, ғылыми айналымға енгізу.
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
- Кредит саны: 6
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері, ғылым мен технологиядағы жасанды интеллект.
-
Тілдік технологиялардың математикалық негіздері
- Кредит саны: 6
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қолданбалы саланы меңгеруге қажетті математиканың негізгі салаларымен танысу, математикалық талдау, сызықтық алгебра, ықтималдықтар теориясы мен статистика, графтарды меңгеріп, математиканың аталған салаларының базистік ұғымдары мен әдістерін қолдануға, математикалық ойлау мен дәлелдеу дағдыларын қалыптастыруға үйрету.
-
Шетел тілі (кәсіби)
- Кредит саны: 6
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты – шет тілі білімінің халықаралық стандарттары бойынша құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру және мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми ортада қарым-қатынас жасау. Магистрант жаңа ақпаратты біріктіріп, тілдердің ұйымдастырылуын түсініп, қоғамда өзара әрекеттесіп, өз көзқарасын қорғауы керек.
-
Ғылым тарихы мен философиясы
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: Қазіргі философияны ғылыми білімдер жүйесі, оның ішінде рационалды-теориялық түсінудегі дүниетанымдық көзқарас ретінде түсіну. Пән ғылыми ойлаудың эволюциясы мен дамуының аспектілерін, тарихи сәттерді, ғалымдар мен ғылыми мектептердің ғылымның қалыптасуына қосқан үлесін және ғылыми қызметтің этикалық және әлеуметтік аспектілерін қамтиды.
-
Тілдік деректерді өңдеудегі бағдарламалау негіздері
- Кредит саны: 9
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – тілдік деректерді өңдеуге арналған бағдарламалау тілін, Pyhton мен R бағдарламалау тілдері арқылы мәтінді өңдеу, басты операциялардың қызметтерін, табиғи тілдегі мәтіндерді бағдарламалау жүйесінде өңдеудің негіздерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді жоспарлау мен ұйымдастыруды үйрену. Курс аясында алгоритмдеу принциптері мен ақпаратты өңдеудің заманауи әдістері зерттеледі.
-
Жоғары мектептің педагогикасы
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, жоғары мектеп дидактикасы, тәрбие теориясы және білім беру менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде ЖОО мен колледждердегі педагогикалық іс-әрекет қабілетін, педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру. Педагогикалық теорияның теориялық және практикалық негіздері, педагогикалық процесті басқару теориясы, жоғары мектептің педагогикалық мәселелерін шешудің әдістемелік тәсілдері оқытылады.
-
Басқару психологиясы
- Кредит саны: 3
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерттеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау.
Пән мазмұны: басқару қызметінің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары, негізгі принциптері, басқару әрекетіндегі тұлға, тұлға мінез-құлқын басқару, топтық құбылыстарды басқару.
-
Филологиялық ақпаратты жинау мен талдаудың цифрлық технологиялары
- Кредит саны: 6
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – ақпаратты іздеу, алу және талдау, ақпаратты ұсыну және тарату мәселелерін шеше алатын мамандарды даярлау, қазақтілді мәліметтер қорындағы мәтіндік деректерді ресімдеу, мәтіндік корпусты өңдеуге арналған цифрлық технологияларды зерттеу, практикада қолдана алу. Курс аясында ақпаратты жинау, өңдеу, талдау саласындағы түрлі лингвистикалық бағыттарды талдау, салыстыру, сыни тұрғыдан бағалау жүргізіледі.
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Филологиядағы ақпараттық технологиялар
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – филологтардың кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану және дамыту мүмкіндіктері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, гуманитарлық және жаратылыстану білімдерін біріктіре отырып статистикалық әдістерді негізді және тиімді қолдану, ғылыми-зерттеу жұмыстарын табысты жүргізуге дайындау. Пән аясында электрондық ресурстарды құрудың практикалық дағдыларын дамыту көзделеді.
-
Қазақ тіліндегі сөз бөліктерін автоматты морфологиялық талдау және жинақтау
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – корпусқа енгізілетін қазақ тілді мәтіндердегі сөздерге морфологиялық белгіленім қою принциптеріне қатысты лингвистикалық материалды электронды пішінге келтіру, сәйкестендіру, лингвистикалық белгіленімдер әзірлемесін жасау және жетілдіруде компьютерлік-бағдарламалық әдістерді қолдана отырып, сөздердің морфологиялық құрылымын ажырату.
-
Қазақ тілді деректерді талдау
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қазақ тілінің ерекшеліктерін деректерді талдау арқылы зерттеу. Деректерді талдау негіздерін, талдаудың негізгі принциптері мен әдістерін, соның ішінде статистикалық талдауды, машиналық оқытуды және деректерді визуализациялауды үйрену. Деректерге негізделген шешім қабылдау дағдыларын дамыту.
-
Қазақ тілі лексикографиясы
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі әр түрлі (электронды сөздік, энциклопедия, анықтағыш, түсіндірме сөздік, тезаурустар және т.б.) сөздіктермен жұмыс істей білу және лингвистикалық автомат қызметін жүзеге асыру үшін сөздік қор базасын дамыту. Нақты тапсырмалар бойынша электронды сөздік, глоссарий, түсіндірме, және т.б. сөздіктер, тезаурус, энциклопедия және анықтамалықтар құрастыра білу.
-
Қазақ тілінде онлайн курс жасауға арналған технологиялар
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – филологтарды онлайн курс жасауға арналған бағдарламалармен таныстыру, бағдарламалау ресурстарын зерттеу, қазақ тіліндегі ақпараттарды цифрлық технологияларға бейімдеуді үйрету, онлайн курсқа арналған бағдарламалауды практикада қолдану. Пән аясында тілді оқытуды цифрландыру, онлайн курсты жаңаша форматта ұсыну, онлайн курс жасау барысында әдіс-тәсілдерді технология сұранысына сай оңтайландыру мәселелері қарастырылады.
-
Синтаксистік құрылымды автоматты өңдеу
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі сөздің сөйлемдегі қызметін, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін, басқа сөздермен үйлесімділігін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін синтаксистік талдау жасау, синтаксистік құрылымдар арасындағы байланыстарды сипаттайтын белгіленімдерді дамыту. Курста синтаксистік деривация, сөздердің семантикалық, грамматикалық тіркесімділігі, сөйлем типтері мен модельдерін автоматты талдау мен жинақтау мәселелері сараланады.
-
Қазақ тілін оқытуды компьютерлік қолдау
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – қазақ тілі сабақтарына арналған электронды құралдарды саралап, тілдің теориялық-практикалық негіздерін цифрлық технологиялар базасында қарастыру, электронды ресурстар жиынтығын анықтау, талдау. Пән мазмұнында оқу-әдістемелік құралдар жасауда тиімді цифрлық технология түрлері, тілді компьютерлік оқыту, қашықтан білім беру ресурстары, тілді оқытудағы желілік, мультимедиалық ресурстардың білім берудегі түрлері талданады.
-
Машиналық аударма
- Бақылау түрі: [АБ1+MT+АБ2+Емтих] (100)
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты – лингвистикалық және экстралингвистикалық білімді пайдалана отырып, автоматтандырылған машиналық аударма жүйесімен, мәтінді іздеу, алу мен өңдеу бағдарламаларымен жұмыс істей білу. Аударма және машиналық аударма түрлері, оның жүйелерінің классификациясы, аударма жады жүйелері, толық автоматтандырылған МА мәселелері, МА жүйелерінің үлгілері, бағалау параметрлері талданады.
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
-
Педагогикалық
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Пәннің мақсаты: жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру, білім беру процесін жобалау және инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу сабақтарының жекелеген түрлерін жүргізу қабілетін қалыптастыру.
Курсты оқу барысында магистрант төмендегідей білімдерді меңгереді:
-
Зерттеу
- Бақылау түрі: Защита практики
- Сипаттамасы: Тәжірибе мақсаты: өзекті ғылыми мәселені зерттеуде тәжірибе жинақтау, оқу процесінде алған кәсіби білімдерін кеңейту және өз бетімен ғылыми жұмысты жүргізудің практикалық дағдыларын дамыту. Практика экономикалық білімдерді зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген