Докторантура PhD

Мамандық шифры:

8D01704

Мамандығы:

Орыс тілі мен әдебиеті

Факультеті:

Филология

Бiлiктiлiгі:
  • ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
Білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін студенттер қабілетті болады:
1. Қазіргі заман ғылыми білім парадигмалары аясында орыс тіл білімі және әдебиеттану, жоғары оқу орындарында орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі (теориялық және әдіснамалық қағидалар, лингвистиканың тұжырымдамалық және терминологиялық аппараты, әдебиеттану, өзекті филологиялық бағыттар, заманауи тәсілдер, үрдістер мен трендтер) саласындағы іргелі, жүйелі білімдерді көрсету;
2. Орыс тілі мен әдебиеті саласындағы жаңа және күрделі идеяларды, мәселелерді, тәсілдерді және үрдістерді сыни талдау, баға беру және синтездеу; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін, қазіргі заман теорияларын, мәселелері мен тәсілдерді, орыс тілі мен әдебиетін зерттеудегі жаңа үрдістерді (филологиялық және гуманитарлық білімдер тұрғысынан) сыни баға беру;
3. Жаңа және күрделі мақсаттарды қалыптастыру, өзіндік тәсіл негізінде орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми мәселелердің жаңа болжаулары мен шешімдерін ұсыну; қазіргі заман әдебиеттану негізгі принциптерін,жаңа әдеби парадигмаларын түсіндіру және оларды классикалық, қазіргі заман әдебиетін талдауда қолдану;
4. Қазіргі әдебиеттану жаңа бағыттарының ғылыми теориялары мен тұжырымдамаларын жүйелеу және түсіндіру, бастапқы теориялық ұстанымдарды таңдау кезінде осы білімді әрі қарай қолдану мақсатымен; білім беру, ғылыми-оқыту мәселелерін шешу үдерісінде филологиялық және пәнаралық білімді синтездеу және трансформациялау;
5. Оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының басымдықтарын саралау, өздерінің ғылыми мүдделерін әлеуметтік, этникалық құндылықтармен, өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерімен сәйкестендіре; сыни түсіну негізіндегі білім беру технологиялары мен оқыту әдістемелерін қолдана отырып жоғары білім беру ұйымдарындағы әдебиеттану және лингвистикалық пәндер бойынша сабақ пен аудиториядан тыс жұмыстарды жүргізу үшін оқу-әдістемелік материалдарды өңдеу;
6. Дәстүрлі, инновациялық, интерактивті, тұлғалық-бағдарлы технологияларды және оқыту әдістерін қолдана отырып, жоғары білім беру ұйымдарында сапалы сабақтарды жоспарлау және жүргізу; бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша білім алушылардың ғылыми-зерттеу, жобалық және оқу-кәсіптік қызмет түрлерін ұйымдастыру;
7. Мәтінді талдауда жаңа филологиялық зерттеулердің теориялық және әдіснамалық ережелерін қолдану; жоғарғы мектепте тіл білімі, әдебиеттану және әдістеменің жаңа бағыттарын жобалауменғылыми мәселелерге өзіндік зерттеу жүргізу;
8. Тарихи және қазіргі заман русистикасының тілдік деректерін түсіндіру; ғылыми зерттеулерде (диссертациялар, ғылыми жобалар) тіл білімі әдістерінің қолдану аумағын дәлелдеу және түсіндіру;
9.Тиісті кәсіби дайындығы жоқ мамандар да, аудиториядағылар да оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми баяндамалар, рефераттар, мақалалар тезистері, филологиялық түсіндірмелер, докторлық диссертациялар, оқу-зерттеу, ғылыми жобалар және т.б. түрінде көрсету; ғылыми зерттеулерде қолданылатын әдістердің дәлелділігіне баға беру.
10. Ғылыми мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыру және олардың шешімін табу; ғылыми тәжірибелерді жүргізу және олардың нәтижелерін дұрыс талдау;
11. Заманауи зерттеу тәсілдерін сипаттау және талдау мақсатында пәнаралық білімді біріктіру; ғылым мәселелерін шешу үшін қоғамдық байланыс пен ынтымақтастыққа, қоғамда дұрыс және толерантты өзара байланысқа дайын болу;
12. Thomson-Reuters немесе Scopus халықаралық дерекқорларында, ұлттық және халықаралық сараптамалық басылымдарда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін дайындау және жариялау.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген