Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B10114

Мамандығы:

Медицина

Факультеті:

Медицина және денсаулық сақтау

Бiлiктiлiгі:
  • бейіндік бағыт - медицина магистрі
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
1. Адам денесінің типтік құрылымы мен қызметтері туралы толық білімді молекулалардан, жасушалардан бастап, ағзалар мен жүйелерге, тұтастай алғанда дене деңгейінде қолдану;
2. Негізгі патологиялық процестер мен олар келтіретін биологиялық зақым туралы білімдерді қолдану негізінде адам денсаулығына әсер ететін мәселелерді анықтау және шешу.
3. Клиникалық симптомдар мен синдромдарды анықтау және интерпретациялау, пациенттерден және басқа да клиникалық маңызы бар көздерден ақпаратты жинау, ауруды емдеу үшін, оның ішінде тиісті шараларды бастау үшін жас ерекшелігі бойынша аурулары бар науқастарды зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерінен мәліметтер жинау;
4. Нақты науқасты емдеуде және оның қажеттіліктеріне сәйкес оның денсаулығын нығайтуда жеке көзқарасты қамтамасыз ету үшін клиникалық білім мен дағдыларды біріктіру; диагностиканың ұтымдылығын талдау және дәлелді және дербестендірілген медицина принциптерін қолдану негізінде кәсіби шешімдер қабылдау.
5. Адам мінез-құлқы, мәдени ерекшеліктері мен нәсілдік ерекшеліктерін ескере отырып, науқастың психологиясы туралы білімге негізделген этика мен деонтология принциптерін сақтай отырып, медициналық емдеуге дейін, оның барысында және одан кейін болатын дәрігер мен пациент арасындағы динамикалық қатынастарды тиімді құру.
6. Емдеу-диагностикалық процесті ұйымдастыру және басқару кезінде басқа денсаулық сақтау мамандарымен кәсіби/көпсалалы топта тиімді жұмыс істеу; науқастарға қауіпсіз және тиімді көмек көрсету үшін медициналық ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жинау және беру.
7. Науқастардың барлық жас топтарындағы аурулар кезінде оның сапасына, қауіпсіздігіне назар аудара отырып, дәлелді медицина және адамгершілік қағидаттарына негізделген, құқықтық нормаларды қолдана отырып, тиімді және уақтылы медициналық көмек көрсету.
8. Төтенше және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, індеттер кезіндегі медициналық көмекті адамгершілік, қауіпсіздік және тиімділік қағидаларында уақтылы және тиімді көрсету.
9. Кәсіби қызметте науқастың, оның ішінде науқас ретіндегі баланының құқықтары, міндеттері және құқықтарын қорғау жолдары туралы білімін қолдану; дәрiгер жұмысында құқықтық нормаларды, медицина қызметкерлерiнiң әдiстерi мен қорғау құралдарын бiлiмдi қолдану.
10. Кәсіби мәселелерді шешу және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін заманауи ақпараттық-цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, денсаулық сақтау ұйымдарында қажетті құжаттаманы талдау және жүргізу.
11. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың принциптері мен әдістері туралы білімін адам және отбасы, халық денсаулығы үшін қолдану; алдын алу мақсатында денсаулық пен ауруды анықтайтын факторлар кешені туралы білімді қолдану.
12. Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстану; этникалық тегіне, мәдениетіне, жынысына, экономикалық жағдайына немесе жыныстық бағдарына қарамастан науқастармен, отбасылармен, әріптестермен және жалпы қоғаммен барлық кәсіби қарым-қатынаста этикалық принциптерді сақтау
13. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге үлес қосу, ғылым мен тәжірибенің жетістіктеріне негізделген заманауи басқару технологияларын пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді тұжырымдау және шешу, кәсіби даму мен өмір бойы білім алуға көңіл бөлу
14. Адам денсаулығын сақтау және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді насихаттауға бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу; жаңа білімге ұмтылу, жаңа ілімді табу; кәсіби өмір бойы тиімді оқу және білімді басқаларға беруге қабілетті болуы
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген