Бакалавриат

Мамандық шифры:

6B02103

Мамандығы:

Медиадизайн

Факультеті:

Журналистика

Бiлiктiлiгі:
  • бiрiншi жоғары бiлiм - өнер бакалавры
  • Түлектер моделі
  • Міндетті пәндер
  • Элективті пәндер
  • Кәсіби
ON1 Медиа-дизайн жобаларын жасаудың пәнаралық білімін, іскерлігін және дағдыларын меңгеру, зияткерлік меншіктің құқықтық, кәсіпкерлік негіздерін, отандық және әлемдік БАҚ-тың даму тарихын білу, қазіргі заманғы медиа кеңістіктің икемді, жылжымалы ортасын қалыптастыратын пайдаланушымен интерактивті өзара іс-қимыл жасау;
ON2 моушн дизайн технологияларын меңгеру, қозғалатын заттарды жасай білу, телебағдарламалар, бейнефильмдер ресімдеу, мультипликациялық анимация жасау және флешанимация технологияларын меңгеру;
ON3 баспа өнімдерін безендіру бойынша медиа дизайнның компьютерлік бағдарламаларын меңгеру, баспа басылымдарын – газеттер, журналдар, кітаптар құру, баспа БАҚ - тың әртүрлі форматтарын құру элементтерін білу;
ON4 әртүрлі компьютерлік бағдарламаларда сайт құру, веб-дизайн технологияларын меңгеру, сайтты құра білу, сайтты басылымның немесе компанияның тақырыбы мен бағыты бойынша жобалау;
ON5 жарнама өнімдерін жасау - жарнамалық роликтер, буклеттер, постерлер, банерлік жарнама технологияларын меңгеру, және т.б.

ON6 мультимедиялық медиа өнімдерін – бейнефильмдер, мәтіндер, жаңалықтар, түрлі форматтардығы ақпараттар - инфотейнмент, лонгридтер, сторителлингтер жасау;

ON7 түстану әдістері, қаріптерді қолдану, түс функцияларын, оның реңктерін, негізгі және құрама түстерін саралау. түс реңктерін, хиароскуроны, контрасттарды, нюанстарды және түстердің қанықтылығын дұрыс қолдану;
ON8 шетелдік тәжірибені, медиаартты, графиканы, анимацияны дамытудың әлемдік үрдістерін зерттеу негізінде медиадизайнның заманауи әдістері мен тәсілдерін пайдалану;
ON9 фотосурет өнерінің технологияларын меңгеру, фотосуреттерді өңдей білу, фоторепортаждар жасау, түрлі жанрларда фотоақпарат ұсыну;
ON10 танымал технологиялар негізінде өзіндік авторлық түпнұсқа дизайн-макеттер, фирмалық стиль жасау; фото-дизайнда, моушн дизайнында, инфографикада және анимацияда соңғы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану;
ON11 ақпаратты тарату технологияларын, цифрлық маркетинг негіздерін меңгеру, көрнекі ақпаратты қабылдау психологиясын білу, қарым-қатынастың коммуникативтік технологияларын және дизайн психологиясын меңгеру;
ON12 қазіргі визуалды коммуникация саласындағы сапалық өзгерістер мен жаңа тенденцияларды іс жүзінде жүзеге асыру.
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген
  2021-2024 жылдардағы мәліметтер көрсетілген