Қабылдау ережелері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2014 жылға

арналған оқуға қабылдау

ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Жалпы ережелер

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне (бұдан әрі әл-Фараби ат. ҚазҰУ) оқуға қабылдау Ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген (11.02.2013 ж. өзгертулермен) Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдарға оқуға қабылдаудың Үлгі қағидаларына сәйкес құрылған және әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың студенттер контингентін қалыптастыру тәртібін анықтайды.

2. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ жалпы орта (орта жалпы) жүзеге асырылатын мамандықтардың тізіміне сәйкес 1-Қосымша, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, ортадан кейінгі) жүзеге асырылатын мамандықтардың тізіміне сәйкес 2-Қосымша, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғаларды жүзеге асырылатын мамандықтардың тізіміне сәйкес 3-Қосымша қабылдауды жүзеге асырады.

3. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-ға түсуші тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

4. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-ға оқуға түсетін тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижесінде берілген куәліктегі ұпайларына сай өздерінің өтініштері бойынша байқау негізінде жүзеге асырылады.

5. Кешенді тестілеу өткен жылдары жалпы орта (орта жалпы) білім беретін ұйымдарын тәмамдаған бітірушілер үшін, техникалық және кәсіптік (бастапқы және орта кәсіптік, ортадан кейінгі) білім беру мекемелерінің бітірушілері үшін, шетелде халықаралық оқушы алмасу бағдарламасы бойынша білім алған, ҰБТ-ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері үшін, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың бітірушілері, сондай-ақ, шетелде оқу орындарын тәмәмдаған тұлғалар үшін өткізіледі.

6. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-ға бірыңғай ұлттық тестілеудің немесе кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мамандарды даярлау жүзеге асырылатын мамандықтар бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік білім грантын иеленген азаматтар, сондай-ақ куәліктегі ұпайларына сәйкес өз қаражаты және басқа да қайнар көздер есебінен оқу ақысын төлеген азаматтар қабылданады.

Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (колледждер) білімі бар тұлғаларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ақылы негізде туыстық мамандықтарға қысқартылған мерзім бойынша оқуға қабылдау кешенді тестілеудің нәтиежелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Туыстық мамандықтардың тізімін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

7. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін ұдан әрі – шығармашылық мамандықтар) мамандықтарға оқуға қабылдау арнайы немесе шығармашылық емтихандарды есепке ала отырып жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихандар тізімі мен арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабыладуды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жүргізеді.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер тек бір шығармашылық мамандықты ғана белгілей алады.

8. Шығармашылық емтихандардың саны екеу. Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында өткізіледі.

Бір шығармашылық емтихан бойынша ұпайдың ең жоғарғы саны - 25.

Шығармашылық емтихан бойынша 10-нан кем ұпай алған немесе емтиханға келмеген талапкерлер аталған мамандық бойынша кешенді тестілеуге жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін тестілеудің екі пәнінен: мемлекеттік немесе қазақ тілі, Қазақстан тарихынан алған ұпайлары есептеледі.

2. Кешенді тестілеуді өткізу

9. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады;

- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

- кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік) немесе кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) оқу орнын бітіру туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

- тест сынағын өткізу ақысын төлегені жөніндегі түбіртек (квитанция);

- 3 х 4 көлемдегі екі фотосурет;

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Жасы 16-ға толмаған жағдайда, талапкер туу туралы куәлігі мен мектептен суреті бар анықтаманы ұсынуы керек.

10. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүргізіледі.

11. Кешенді тестілеу 17 мен 23 шілде аралығында жүргізіледі.

12. Кешенді тестілеу азаматтардың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.

ҰБТ және кешенді тестілеуге қатысты таңдау пәндері мен бейімдік пәндер көрсетілген мамандықтар тізімі білім беру саласындағы уәкілетті орган тарапынан бекітіледі.

12. Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке куәлігін (төлқұжат) және емтиханға рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.

13. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

14. Кешенді тестілеу өткізу кезінде бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын алмастыруға, көшіріп жазуға, оқулықтар мен басқа да әдістемелік әдебиеттерді, байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефон) аудиторияға кіргізуге жол берілмейді.

15. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны 25. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір ұпаймен бағаланады.

16. Кешенді тестілеудің нәтижелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өңделеді.

17. Дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу нәтижелерінің өңделуінен кейін ілінеді.

18. Кешенді тестілеудің нәтижелері мемлекеттік комиссия тарапынан тестілеу өткізілген күні жарияланады.

19. Кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша тестілеуге қатыстқан әрбір талапкерге белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Куәлік тестілеуден кейінгі үш күнтізбелік күш ішінде мемлекеттік комиссия тарапынан беріледі.

20. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптардың орындалуын және даулы мәселелердің шешілуін қамтамасыз ету, тестілеу өткізілетін кезеңде кешенді тестілеуге қатысатын талапкерлердің құқықтарының қорғалуы мақсатында Апелляцияларды қарастыру жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық апелляциялық комиссия) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ апелляциялық комиссиясы құрылады.

21. Апелляциялық комиссиялар кешенді тестілеудің нәтижелерімен және/немесе тест тапсырмаларының мазмұнымен келіспейтін тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

22. Апелляциялық комиссия тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептерге байланысты тестілеуге қатысушылардың берген өтініштерін қабылдап, қарастырады, Республикалық апелляциялық комиссияға талапкерге ұпай қосу жөнінде ұсыныс жасайды және оған апелляцияның нәтижелері туралы хабарлайды.

23. Апелляцияға өтінішті тестілеуге қатысқан талапкердің өзі апелляциялық комиссияның төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер туралы берілген өтініштер кешенді тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ке дейін қабылданады және апелляциялық комиссия тарапынан бір күннің ішінде қарастырылады. Өтініш беруші өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат, тестілеуге қатысу жөніндегі құжатын алып келуі қажет.

Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жекеше түрде жұмыс жасайды. Талапкер апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы басқарады.

24. Тестілеу нәтижелерімен келіспеу жөніндегі апелляция туралы шешім комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады. Апелляциялық комиссияның жұмысы комиссия төрағасы және оның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

25. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссиялардың талапкерге ұпай қосу жөніндегі ұсыныстарының негізділігін қарастырып, тиісті шешім қабылдайды.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия төрағасы және оның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға оқуға қабылдау

26. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы студенттерді оқуға қабылдауды 10-25 тамыз аралығында жүргізеді.

Талапкер қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге келесі құжаттарды тапсырады:

- жалпы орта (жалпы орта білім), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі (түпнұсқа) туралы құжат.

- 3 х 4 көлемдегі алты фотосурет;

- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

- кешенді тестілеудің немесе ҰБТ куәлігі;

- білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (болған жаәдайда).

27. Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың ақылы бөлімінде оқу үшін ағымдағы жылы ҰБТ-дан өткен, жалпы орта білім беру мекемелерінің бітірушілері, сондай-ақ кешенді тестілеудің нәтижесі бойынша мемлекеттік тіл немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика пәндерінен және таңдау пәнінен кемінде 70 ұпай жинаған, соның ішінде, бейімдік пән бойынша кемінде 7 ұпай (әрбір шығармашылық емтиханнан кемінде 10 ұпай), ал қалған пәндерден кемінде 4 ұпайдан жинаған кешенді тестілеуге қатысушылар қабылданады.

28. ҰБТ немесе кешенді тестілеудің шеңберінде тапсырылатын пәндердің бірінен 4 ұпайдан төмен алған талапкерлер ақылы оқуға қабылдауға немесе білім беру гранттарын алу байқауына қатысуға жіберілмейді.

Оқуға қабылдау мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша бөлек жүргізіледі.

Түсу емтиханның тіліне қарамастан, тілдік бөлімді өз қаражаты және басқа да қайнар көздер есебінен түсуші талапкердің таңдауы бойынша жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау сол емтихандардан алынған ұпайларды есепке ала отырып жүргізіледі.

29. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктерден білім беру несиелерін рәсімдеген жағдайда, сол азамат банктен құжаттарының қарастырылып жатқанын растайтын тиісті анықтама алып келіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері қатарына қабылдана алады.

Бұл жағдайда, оқуға түсушіге білім беру қызметін көрсету туралы шартта белгіленген және өзінің оқуға қабылдануына дейін өтелуі тиіс соманы төлеу мерзімі ұзартылады. Төлем мерзімі білім несиесінің рәсімделу кезеңіне ұзартылады. Алайда, бұл мерзім банктен анықтама алынған күннен бастап ең көп дегенде төрт аптаға созылады.

30. Шет тілінде тапсырылатын құжаттар қазақ немесе орыс тіліне аударылып, нотариалды түрде расталуы қажет.

Шетелдік білім беру мекемелері берген білім туралы құжаттар тұлғалардың оқуға қабылдануынан кейін, оқудың бірінші семестрі ішінде заңда бекітілген тәртіпте нострификация рәсімінен өтуі қажет.

1-Қосымша


2-Қосымша


3-Қосымша