Әл-Фараби орталығы

Әл-Фараби орталығы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі әл-Фараби орталығының ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келе жатқанына 17 жылдан асты.

.

Қазақстан Республикасыының Президентінің өкімімен 1993 жылы 8 қаңтарда университет өзін-өзі басқаратын автономды мемлекеттік жоғары оқу орны ерекше мәртебесіне ие болды. Дәл осы жылы университетте әл-Фараби орталығы құрылды.

Жаһандану заманы талабына сәйкес жаңа интегралды дүниетанымды қалыптастыру аясында халықтар мен мәдениеттердің бірлігі мен өзара түсіністігіне бағытталған әл-Фараби мұрасын жан-жақты зерттеу қазіргі кездегі Орталық қызметінің басым бағыттары болып табылады.

Орталықтың келешек дамуының зерттеу арналары:

  1. Әл-Фарабидің посткеңестік кеңістікке белгісіз еңбектерін қазақ және орыс тілдеріне аудару;

  2. Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін білім беру үдерісіне енгізу;

  3. Шығыс пен Батыстағы компаративистік зерттеулердің дамуына байланысты фарабитанудағы жаңа талдау нысандары мен мәндік құрылымдарды айқындау;

  4. Жаһандану дәуірі мен нарықтық қатынастарды игеру жағдайында ғылыми іс-әрекеттің териясы мен тәжірибесіне посткласикалық әдіснаманы енгізу