Ермекбаева Баян Жүндібайқызы

Ермекбаева Баян Жүндібайқызы

Ермекбаева Б.Ж. орта мектепті бітіргеннен соң бухгалтер-экономист мамандығы бойынша техникумға оқуға түсті. Техникумды үздік бітіріп, «Ачполиметалл» комбинатында бухгалтер-экономист болып жүмыс істеді. 1969 жылдан 1973 жылға дейін Алматы халық шаруашылығы институтында оқыған. Институтты үздік бітіріп, 4 жыл бойы Алматы қалалық сауда басқармасының жоспарлау-қаржы бөлімінде бас экономист болып қызмет атқарды. 1977 жылдың шілдесінде Алматы халық шаруашылығы институтының «Қаржы» кафедрасына жұмысқа шақырылады. Күндізгі бөлім аспирантурасында оқыды, 1986 жылы 08.00.10 - «Қаржы, ақшалай қатынас және несие» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 1990 жылы «Қаржы» кафедрасында доцент ғылыми атағын иеленді. Ермекбаева Б.Ж. Алматы халық шаруашылығы институтының қаржы, ақшалай қатынас және несие факультетінде дәйекті түрде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары және декан қызметін атқарды. 2001 жылдың сәуір айынан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаңа қаржы және аудит кафедрасының ашылуына байланысты Ермекбаева Б.Ж. оны басқаруға шақырылды. 2009 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес факультетінің деканы болып тағайындалды. Ермекбаева Б.Ж. ҚР «Салық және салық салу» оқу пәнінің негізін қалаушы болып табылады. Ең алғаш Қазақстанда ол әлгі курстың бағдарламасын өңдеп шығарды, ҚР салық салу бойынша алғаш оқу әдістемелік құралдардың авторы. Ермекбаева Б.Ж. оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектерді жалпы көлемі 185 п.б. шығарды, оның ішінде 158, 8 п.б. соңғы 5 жыл ішінде. Салық жүйесінің даму мәселелерімен айналысады, бірнеше рет алыс және жақын шет елдерде сынақ мерзімдерінен өткен. Әлемнің жетекші университеттерінде оқыған (АҚШ, Үндістан,Ұлыбритания, Жапония). 2007 жылы «Қазақ университеті» баспасында жалпы көлемі 8,6 п.б. болатын «Жаһандану жаңдайындағы Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің даму мәселелері» атты монаграфиясыжарық көрді. Ол Қазақстан экономистер Ассоциациясының мүшесі және «Вестник КазНУ» (экономикалық серия), «Бухгалтер және салық», «Қаржы әлемі» журналдарының редколлегия мүшесі. Салық салу мәселелері ғылыми зерттеулері бойынша «Алтын алқамен» және Қазақстан экономистерінің Халықаралық конгресінің дипломвмен марапатталған. Сонымен қатар, 2004 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік-гуманитарлық сала бойынша (іргелі зерттеу) «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ең ұздік ғылыми-зерттеу жұмысы» деген дипломмен марапатталған. 2008 жылы «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ең үздік оқытушысы» деген атақты иемденді. 2008 жылдың қыркүйегінде білім саласында ерекше қызметтері үшін «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері» деген кеуде белгісімен марапатталды. 2009 жылы Ы.Алтынсаринның медалімен маратталған. 2010 жылдан бастап Еуразия Халықаралық Экономкалық Академиясының нағыз мүшесі. Баян Жүндібайқызының оқушылары қазіргі таңда Қазақстанның қаржы-несие ұйымдарында басқарушылық қызметті иемденіп отыр және елдің қаржы жүйесіне салмақты үлесін қосып отыр.