Ғылыми бағыттар

Журналистика факультетінің кафедралары бойынша жүргізілетін ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары:

Баспасөз және интернет журналистика кафедрасы бойынша жоспарлы түрде жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары:

Публицистика жанрларының жаңа жүйесін, журналистика пішіндерінің түрленуін зерттеу;

Қазақ халқының рухани көшбасшыларын, өзіндік журналистік мектебі

бар публицистер шығармашылығын зерттеу;

Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары редакторлары мен белгілі

журналистер шеберлігін зерттеу;

қазіргі таңдағы конвергентті журналистиканың әлемдік тәжірибесі мен

даму сатыларын; бүгінгі инновациялық әдіске конвергентті журналистика арқылы бару жолдарын; конвергентті масс-медиадағы журналист еңбегінің шығармашылық ерекшеліктерін зерттеу;

• медиа-мәдениет мәселелерін қарастыру;

мерзімді баспасөз бен интернет журналистиканың өзекті мәселелерін зерттеу.