Кафедраның тарихы

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Қазақстанда инженер-гидрологтарды даярлау Гидрометқызметінің Қазақ басқармасының және жоғары білікті гидролог мамандарды қажет ететін басқа да ұйымдардың сұранысы бойынша университеттің география факультетінде ұйымдастырылды. 1963 жылы кафедраға алғашқы студенттер жиыны қабылданып, 1968 жылы алғашқы түлектер оқуларын аяқтады. Құрлық гидрологиясы кафедрасы 1966 жылдың қыркүйек айында ашылды. Бұл кафедра гидролог мамандарды даярлайтын Республикадағы бірден бір оқу орны.

Құрлық гидрологиясы кафедрасының алғашқы меңгерушісі болып белгілі ғалым, гидролог, ҰОС ардагері, Ұлы Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендері және басқа да медальдардың иегері, г.ғ.д., проф. В.И. Коровин тағайындалды (1966-1971). Әр жылдары кафедраны г.ғ.д., проф. А.Ф. Литовченко (1971-1977 жж.), г.ғ.к., доц. Дюсенова Р.Х. (1977-1978 жж), т.ғ.д., проф. Тұрсынов А.А. (1978-1985 жж.), г.ғ.д., проф. Дәулетқалиев С.К. (1985-1993 жж.), г.ғ.д., проф. В.М. Болдырев (1993-1996 жж.), г.ғ.д., проф. Сәрсенбаев М.Х.. (1996ж.-2004 жж.) меңгерді. Қазіргі таңда кафедраны т.ғ.к. доц. Абдрахимов Р.Г. басқаруда. Құрлық гидрологиясы кафедрасы Республикадағы жоғары білікті гидролог мамандарды даярлайтын аса ірі оқу базасы бар мекеме. Кафедра түлектері ғылыми салада, өндірістік ұйымдармен педагогикалық мекемелерде қызмет атқарып жүр. Кафедра түлектері 40 жылдық кезең ішінде Қазгидрометте, ҚР Ұлттық ҒА, ғылыми-зерттеу институттарында, Су ресурстары жөніндегі Комитетте, Қазгипроводхозда, Қазминавтодорда және басқа да ғылыми өндірістік мекемелерде ойдағыдай еңбек етіп жүр.

Кафедраның қалыптасуы және дамуы ұжым мүшелерінің біліктілігімен айқындалады. Кафедра құрамында жоғарыда аталып өткен тұлғалардан басқа Қазақстанның белгілі ғалымдары проф.Абдрасилов С.А., проф. Мальковский И.М. қазіргі уақытта География институты директорының орынбасары, География институты зертханасының меңгерушісі, проф. Достай Ж.Д., Орталық Азия Аймақтық экологиялық Орталығының жобалау менеджері проф. Бурлибаев М.Ж. және т.б..

Бүгінгі таңда кафедрада профессорлар: Давлетгалиев С.К.,Гальперин Р.И., Сарсенбаев М.Х.; доценттер: Дюсенова Р.Х., Мазур Л.П., Баженов М.Г., Абдрахимов Р.Г., Дускаев К.К., Молдахметов М.М., Жусупбеков Д.К.; аға оқытушылар: Чигринец Л.Ю., Махмудова Л.К., Жанпеисова С.Р., Алимкулов С.К., жетекші маман: г.ғ.к. Чигринец А.Г., мамандар: Есильбаева Р.М., Авезова А. қызмет атқаруда.