Студенттерге ғылыми зерттеулер бойынша ақпарат

Кафедрада екі студенттік үйірме жұмыс атқаруда – «Жас кытайтанушы» және «Қытай тілі». Бұл үйірмелер жыл сайын танымал қытайтанушылармен кездесулер, қытай мәдениетінің сайыстары мен фестивальдерін ұйымдастырып, студенттерді қалалық және республикалық түрлі сайыстар мен қытай тілі бойынша өтетін олимпиадаларға дайындау жұмыстарын өткізеді. Жыл сайын түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысушы студенттердің саны өсуде. Біздің студенттер – Халықаралық «Қытай тілі көпірі» сайысы, «Үздік ғылыми жұмыс» республикалық байқауы, «Ғылым әлемі» Халықаралық студенттік ғылыми конгрестің, қытай тілі бойынша республикалық олимпиадалардың тұрақты қатысушылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

«Жас қытайтанушы» үйірме шеңберінде студенттердің жыл сайын өтетін дәстүрлі халықаралық студенттік конференцияға дайындалуына, мазмұнды баяндама жасап үйренуіне мүмкіндіктері бар, бұл өз кезегінде студенттердің курстық және диплом жұмыстарын жазуда көмегін тигізеді.

Сонымен қатар кафедрада"Қытай тілі" үйірмесі шеңберінде студенттер тек сабақтан тыс уақытта қытай тілін дамытып ғана қоймай, өздерін қызықтыратын шығармашылық түрімен де айналыса алады.