Жалпы мәліметтер

Бүгінгі таңда кафедра түрақты білім беру қауымдастығы ғана емес, сонымен қатар қытайтанудың түрлі саласында зерттеулер мен ғылыми жобаларды жүргізіп отырған ғылыми орталық.

Қытайтану кафедрасында тарих ғылымдарының докторы профессор Н.А. Алдабектің басшылығымен Орталық Азия халықтарының, Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы саясат, экономика, сауда-саттық, мәдениет аясындағы мәселелері бойынша зерттеу жүргізетін ғылыми мектеп қаланды. Сонымен қатар, қытай тілі мен әдебиеті бойынша да зерттеулер жүргізіледі.

Н.А.Алдабек З.С.Батпенова П.Е.Бектурганова Г.Ахметбек

т.ғ.д., профессор т.ғ.к., доцент т.ғ.к., доцент т.ғ.к., доцент


Өткен жылдарда кафедрада докторлық, кандидаттық, PhD диссертациялар сәтті қорғалып, ондаған кітаптар, хрестоматиялар, монографиялар, сөздіктер, сонымен қатар жүздеген ғылыми мақалалар дайындалып баспаға шықты.

Кафедра оқытушылары жыл сайын өткізілетін ғылыми-теоретикалық және методикалық республикалық және халықаралық деңгейде өтетін конференцияларға белсенді түрде қатысып тұрады. Зерттеушілердің ғылыми зерттеу аясы – Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды мәселелер болғандықтан, кафедрада ай сайын ғылыми семинарлар өткізіліп тұрады. Бұл семинарларла қытайтану саласының өзекті мәселелері, сондай-ақ оқытушылардың және студенттердің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланады. 2004-2012 жылдар аралығында көптеген шетелдік профессорлар мен қазақстандық ғалымдардың ғылыми-методологиялық семинарлары өткізілді, олардың қатарында: Фудан Университетінің профессоры Чжао Хуашэн, ИДВ РАН профессоры э.ғ.д – Островский А., Новосибирск Университетінің доценті т.ғ.д. – Олейников В., ҚХР-дағы Орталық Азия Институтының директоры, профессор, т.ғ.д. – Пан Чжипин, Шанхай университетінің Қазақстанмен алмасу Орталығының НИИ көпшілік дипломатиясының меңерушісі, Ph.D доктор – Ван Юйчион, Р.Б. Сулейменов атындағы Азиаттық-Тынықмұхиттық аймақтық шығыстану Институнының бөлім меңгерушісі, Білім және Ғылым министрлігінің ғылым кандидаты, қытайтанудың актуалдық тақырыптарының Ph.D докторы – Еженханулы Б.

Қытай тілінде құнды материалдарды жинау үшін, кафедра оқытушылары Қытайдың: Пекин, Шанхай, Далян, Сиан, Ланчжоу, Үрімші және басқа да Америка, Голландия, Ресей сияқты елдерге жыл сайын барып тұрады. Факультеттің ҒЗЖ-ның Шығыс мемлекеттерінің қоры арқылы қаржыландырылады, сонымен қатар БҒМ-нің гранттары жеке деңгейде жүзеге асады.

«ҚХР-дың парадигма модернизациясы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты ғылыми жоба Білім және Ғылым министрлігімен қаржыландырылып, Республикалық дәрежеде ғылыми-зерттеулік өзекті жұмыстары бойынша шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасында қолданбалы жоба ретінде іске асырылып жатыр. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.д профессор Алдабек Н.А.

Жыл сайын кафедрада студенттер арасында Республикалық олимпиада өткізіледі. Олимпиада жеңімпаздарына ҚХР-да оқып білім алуға грант беріледі. Кафедраның ғылыми өмірінде студенттер белсене ат салысады, жыл сайын студенттердің ғылыми конференциясы өтеді. Ең жақсы деген жұмыстар ғылыми мақала түрінде ғылыми журналдарда жарияланады. Өткізілген іс-шаралардың ғылыми және практикалық мәні: ғылыми зерттеу бағытында бірлесіп жұмыс атқару жөнінде келісімдерге қол жеткізіліп, оқу процесі барысында кездесетін кең ауқымды сұрақтар мәселен, методикалық оқулықтардың шығарылуы және факультет оқытушыларының зерттеулері кең талқыланды. Осы атқарылған жұмыстардың барлығы да қытайтану саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға игі ықпалын тигізеді.