Жалпы мәліметтер

Факультетте жоғары білімді мамандарды дайындаумен қатар, рухани бай және Отанын, туған жері мен халқын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу ісі атқарылады. Тәрбие жұмысымызды «ҚР білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбиелеу бағдарламасын» және ҚР білім және ғылым Министрлігінің басқа да құжаттарын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі нұсқаулық құжаттарды басшылыққа ала отырып, студенттер арасындағы тәрбиелеу жұмысын әртүрлі бағыттарда жүргіземіз: ғылыми семинарлар, өмірдегі өзекті тақырыптарда ашық кураторлық сағаттар, жатақханада кафедра күнін өткізу және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады. Университеттің әкімшілігі көздеген міндеттерді өткізуге үлкен көмек көрсетеді.

Тәрбиелеудің практикалық мақсаты – өзгермелі жағдайларға жылдам бейімделуге, басқарушылық шешімдерді қабылдауға қабілетті, белсенді, алға қойған мақсатына жету үшін бар күшін салатын, іскер тұлғаның әрекеттерін қалыптастыру.

Кафедра құрамында 5B060100 – Математика мамандықтары бойынша 7 куратор-эдвайзер жұмыс істейді. Әрбір оқу тобында куратор-эдвайзер тағайындалған, ол студенттерге оқу процесінде, шығармашылық қызметте және күнделікті өмірде көмек береді. Кафедрадағы тәрбие жұмысы бірыңғай оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Тәрбиелеу мақсаттары және тәрбие жұмысының мәселелері оқу процесінде және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

Жатақхананың студенттер кеңесі жатақхана тұрғындары арасында спорттық жарыстарды, мерекелік күндерде кештерді ұйымдастыруға бастамашы болады. Жатақханада жыл сайын «Күз кеші» өткізіледі, мұнда әр қабаттың тұрғындарынан құралған топтар арасында жарыс өткізіледі (бағдарламада: қабырға газеттерінің конкурсы, концерттік нөмірлер, КВН, күздік сән көрсетілімі, тоғыз құмалақ, шахмат).