Ғылыми іс-сапар

МКМ кафедрасының 3 курс докторанты, Әбдібеков С.У. 01.11.2019 бастап 25.12.2019 дейін докторлық бағдарлама шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлігін орындау үшін Ахен қаласының (Германия) Ахендегі RWTH университетінде тағылымдамадан өтті.
МКМ кафедрасының 2 курс докторанты, Сатенова Б.А. 11.11.2019 ж. бастап 26.12.2019 дейін докторантура бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлігін жүзеге асыру үшін Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) Йонсей университетінде тағылымдамадан өтті.
МКМ кафедрасының 2 курс докторанты, Цой Н.В. 11.11.2019 ж. бастап 26.12.2019 дейін докторантура бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлігін жүзеге асыру үшін Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) Йонсей университетінде тағылымдамадан өтті.
Грециядағы Erasmus + Smartcity : Innovative Approach Towards a Master Program on Smart Cities Technologies оқу нәтижелері бойынша О.Л. Каруна, Ж.М.Бектемесов, А.А.Байтелиева,Сабирова Р.Ф. сәтті аяқтау туралы сертификаттар табысталды. 
Кафедра оқытушылары Ресей, Жапония, Англия, Германия, Кореядағы әріптестерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Профессор Хаджиева Л.А. Жапониядағы әріптестерімен.
PhD Исахов А.А. Хулич қаласындағы жоғары өнімді машиналар орталығында (Суперкомпьютерлік орталық- (АҚ), Юлих, Германия), 2014 ж., Германия
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты Магира Құлбай 2014 жылдың 5 маусымы мен 1 тамызы аралығында Оксфорд Брукс Университетінің Технология, дизайн және қоршаған ортаны қорғау факультетінің математика ғылымдары және машина жасау кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.
 Доктор Кристиана Себу жетекшілігімен Оксфорд Брукс университетінде ғылыми-зерттеу кезеңінде Магира ғылыми жоба бойынша жұмыс жасады: «Шекарада өлшенген диффузиялық модель үшін проблемаларды қалпына келтірудің кері әдістері». Сондай-ақ, ол Оксфорд Брукс Университетінің барлық ғылыми-зерттеу базаларына, әсіресе Радклифф ғылыми кітапханасына, диссертациялық зерттеу тақырыбындағы әдебиеттерге шолу жасай алды.
 Магира Құлбай өзінің шетелдік жетекшісі, доктор Кристиан Себувпен бірге, Оксфорд Брукс университеті.
Әбдіғалиева Ақмарал Нұрасылқызының шетелдік ғылыми тағылымдамасы 2014 жылдың 1 қарашасы мен 31 желтоқсан аралығында АҚШ-тың Ньюарк қаласындағы Делавэр университетінде өтті.