Жалпы мәліметтер

Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы математика және механика ғылыми зерттеу институты әл Фрарби атындағы ҚазМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен 1994 жылғы 13 қазандағы №167 бұйрықпен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық «әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Математика және механика ғылыми зерттеу институты» еншілес мемлекеттік мекемесіне айналды.


Қазақстан Республикасының Ұлттық және Халықаралық инженерлік академияларының академигі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

ДАНАЕВ НАРҒОЗЫ ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

Математика және механика ғылыми-зерттеу институтының директоры /1994-1997 жж.- алғашқы директоры, 2002 ж. шілдесінен осы күнге дейін/

Қазақстан Республикасының Ұлттық және Халықаралық инженерлік академияларының академигі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор СМАҒУЛОВ ШАЛТАЙ СМАҒУЛҰЛЫ 1997 ж. қарашасынан 2000 ж. маусымына дейін ММ ҒЗИ директоры болды



Факультеттің ғылыми зерттеу қызметі тарихы