«Жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы және тәсілі, университет дамуының кешенді бағдарламасы» атты профессор Ю.П. Похолковтың семинары

26.10.2011

Көрулер: 2550

Құрметті құрылымдық бөлімдердің басшылары, декандар және кафедра меңгерушілері!

Сіздерді «Жоғары оқу орындарын басқару стратегиясы және тәсілі, университет дамуының кешенді бағдарламасы» атты семинарға қатысуға шақырамыз.

Семинар 29-қазан сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында (15-қабат) өтеді.

Семинарды Ресей инженерлік білім ассоциациясы президенті, Томск политехникалық университетінің «Жоғары кәсіби білім беру жүйесін ұйымдастыру және технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Похолков Юрий Петрұлы жүргізеді.