Global Classroom жобасы аясындағы Университетаралық сессия

22.09.2011

Көрулер: 2184

Сіздерді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің халықаралық ынтымақтастық департаменті мен Global Classroom жобасы, сонымен қатар Колумбия универститеті Жер институтымен (Нью-Йорк, АҚШ) бірге ұйымдастырылған Бирла технология басқару институты Мададгаскар білім дамыту орталығының қатысуымен жүзеге асатын «IASDP Интер-Университет» сессиясына қатысуға шақырамыз.

Сессия тақырыбы: Жаңа мыңжылдықта даму мақсаттары

Өтетін күні, уақыты мен орны: 22-қыркүйек, 18:00, Химия және химиялық технологиялар факультеті ғимараты, 221- дәрісхана

Ұйымдастырушылар:

Рафис Абазов - PhD, Колумбия университеті профессоры, Global Classroom жобасы директоры - тұрақты даму тәжірибесінің интеграцияланған жолдары

Ғалия Ибраева - PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Global Classroom жобасы қосымша директоры

Атаулы «Интер-Университет» сессиясына қатысуға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –нің барлық оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін шақырамыз.