Жалпы мәліметтер

Ұйым және оқу барысының, факультеттiң ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруының негiзінде университеттiң даму стратегиясы жатыр.

Кредиттік оқу жүйесiнiң барлық сатылары бойынша жаңа эксперименталдi бағдарламаға өту - есептi мерзiм барысындағы оқу процесін қамсыздандырудың ерекшелігі болды.

География факультетінің алдына қойған басты мақсаты - факультет және университет имиджін, білім сапасын жақсарту, бәсекеге түсу қабылеттілігін және тартымдылығын арттыру.

Факультетте географиялық пәндерді жоғарғы оқу орындарында оқыту мәселелері бойынша жүргізілетін әдістемелік семинар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар факультетте география ғылымында туындап жатқан мәселелер бойынша теоретикалық семинар өз жұмысын атқаруда.

Мамандарды дайындауға бағытталған оқу үрдісін жүргізуге қажетті оқу-әдістемелік құралдар, соның ішінде МЖОБС, бакалаврлар, магистранттар және докторанттарды мамандық бойынша дайындаудағы типтік оқу жоспарлары толығымен география факультетінде бар. Әр мамандықтың төл-құжаты, жалпы және арнайы (элективті) пәндердің толық жинақ тізімі және әрбір оқу түрлері бойынша сабақ беретін мұғалімдер тізімі және нұсқаулықтары берілген.

Факультетте 5 компьютерлік класс жұмыс жасайды. Олардың үшеуінде орташа және қуаттылығы жоғары компьютерлермен жабдықталған. Ал тағы біреуінде арнайы дәрістер өткізу үшін интерактивті тақта орналастырылған. Барлық компьютерлік аудиториялар «Интернет» жүйесіне қосылған. Сонымен қатар әрбір кафедрада интернет желісіне қосылынған.

Метерология кафедрасында орналастырылған ПЭЕМ университеттің гидрометеорологиялық орталығынан алынатын мәліметтерді жинап, өңдеу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу және «Синоптиктің жеке жұмыс орнын» ұйымдастыру үшін пайдаланылады.

Оқу үдерісінде ГАЖ технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Компьютерлік карта құрастыру бағдарламаларының арнайы пакеттері: MapInfo, Corel Draw, ArcView, Geographic Transformer, ArcGIS, Corel xara, сонымен бірге (далалық практикадағы түсірім жұмыстарында) жер новигациясы (GPS) аспабы қолданылады.

Оқу үдерісін ұйымдастыруда деканатттың бірнеше бағыты ұсталынды:

  • кредиттік технология аясында оқу үдерісін жоспарлауды жетілдіру;
  • оқу пәндерінің құрылымдық-логикалық және өзара байланыстылығы принципін ескеру;
  • мамандарды тұтынушыға және мамандардың еңбек рыногында қажеттілігіне қарай дайындау принципі;
  • білім беру қызметі сапасын арттыру; сапа менеджментін ендіру;
  • ПОҚ-мен және студенттермен тұрақты жұмыс жүргізу.