Жалпы мәліметтер


1947 жылы тамыз айында ҚазҰУ-да геология-география факультеті (кейіннен – география факультеті) құрылды. Бұл кезде факультет құрамында екі – геология және география бөлімдері болды. 1960 жылы геология бөлімінің жабылуына байланысты факультеттің аты география болып өзгертілді.Қазіргі кезде факультет География және табиғатты пайдалану болып аталады.

Факультет құрамына 5 кафедра енеді:

  • География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
  • Картография және геоинформатика кафедрасы
  • Метеорология және гидрология кафедрасы
  • Туризм және рекреациялық география кафедрасы
  • Энергия экология кафедрасы

Факультетте метеорологиялық лабораториялық-оқу орталығы жұмыс істейді. Лаборатория меңгерушісі – Шишкина Т.П.

География және табиғатты пайдалану факультеті МЖБС-қа (ГОСО) сәйкес лицензиялы және тұтынушылардың талабын қанағаттандыратын білім беру қызметін атқарады. Факультет келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:

2010-2011 оқу жылдарынан бастап факультетте тәжірибелік бағдарламалар бойынша студенттер даярлануда. Оқу үрдісіндегі оқытылатын элективті пәдердің 60%-ы жалпы оқытылатын пәндердің жалпы санына қосылды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап факультетте жаңа мамандықтар ашылды: 5В090300 – Жерге орналастыру (4жыл) және 5В090700 – Кадастр (4жыл). Бұл мамандықтар бойынша оқу жобалары мен оқу бағдарламалары география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында дайындалады. Сонымен, кредиттік технологияның тәжірибелі бағдарламасы бойынша оқытуда 2010-2011 жылдан бастап факультетте келесі мамандықтар бойынша 3 деңгейлі білім берілуде: >>

Мамандарды дайындау факультетте тек күндізгі бөлімде ғана жүргізіледі.

2013-2014 оқу жылдары аралығында факультетте оқыған студенттердің саны (осы жылдың соңына таман) бакалавриатта 1468 адам, магистратурада 184 адам және PhD докторантурада 10 адам білім алуда, соның ішінде грант иегерлері 1536 студент (92,4 %) және 126 студент (7,6 %) келісім шарт бойынша білім алуда.

Факультетте жұмыс істейтін ОПҚ саны - 185 адам. Факультеттің штатты құрамы - 145 оқытушыдан тұрады, соның ішінде ғылым докторы, профессорлар – 21; ғылым кандидаты, доценттер – 64; оқытушы – 60. Қоса атқарушылар 40 адам. Оның ішінде ғылым докторы - 9;ғылым кандидаты, доценттер– 24 және аға оқытушылар – 7 адам.