«Ашық кафедра» жобасы – Қазақстан Тәуелсіздігінің кезекті шыңы

30.11.2011

Көрулер: 2140

2011 ж. 3 желтоқсан, сенбі күні, сағат 11:00-де, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің Ғылыми кеңесінің мәжіліс залында «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» атты 20 жұлдызды күндер шеңберінде «Ашық кафедра» жаңа инновациялық жобаның алғашқы тыңдармандарына дипломмен салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Оқу жылы басталуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 475 студентті «Болашақ» бағдарлама түлектерінің, ҚазҰУ Жұмыс берушілер Кеңесінің компания топ-менеджерлерінің инновациялық дәрістерін тыңдап шықты. «Ашық кафедра» жобаның дәрісшілері халықаралық теориялық және тәжірибелік біліммен студенттермен бөлісті. Барлық дәріс ағылшын тілінде оқылды. Инновациялық және интерактивтік оқыту әдістері, кейс-стади әдісті қолдану, жобаны өңдеу, топтарда жұмыс істеу, интернет жүйесімен жұмыс істеу, қашықтықтан оқыту және вебинардар.

Бағдарламаға қатысып, студенттер аналитикалық және шығармашылық әдістерді, презентация жасау және әңгімелесу дағдыларын, командада жұмыс істеу әдістерін дамытады, идеяны іске асыру шығармашылық пікірге үйренеді және халықаралық стандарттар бойынша ғылыми жобалар жазу тәжірибесін алады. Сонымен қатар, «Ашық кафедра» жобасы студенттерге экономика, социология, білім, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттық технологиялар саласында инновациялық жобаларды дербес іске асыруға мүмкіншілік береді.

Сонымен қатар жоба шеңберінде «Career Mentoring» («Мансап жетекшісі») бағдарламасы тиімді қолдануда, соңғы курс студенттеріне бағытталған. Бағдарлама тәжирбелі түлектерге өз мансабына қалай қол жеткізуге тікелей жол ашып. кеңес береді. Студенттер өз жетекшілерімен электрондық пошта арқылы өндіріс орындарында немесе бірегейлік акия өткізу кезінде қатынаса алады.

«Ашық кафедра» дипломдарымен марапаттау рәсімі – өте маңызды уақиға алдында Тәуелсіздіктің 20 жылдығы шеңберінде «20 жұлдызды күн Тәуелсіздіктің 20 шыңы» алдында өткізіледі. Қазақстан Руспубликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға арнаған жолдауында, «Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын құрушылар - сендер. Сіздер жаңа ұрпақ әлі бағынбаған шыңдарды бығындыратын. Сіздердің күш-қайраттарын Қазақстанға керек.» Бүгінде «Ашық кафедра» жобасы – кезекті тәуелсіздік шыңы деп сеніммен айтуға болады.

Центр карьеры и бизнеса
Find us on Facebook