Профессорско-преподавательский состав кафедры

Кафедраның оқытушы профессорлар құрамы

Қазіргі уақытта кафедрада 19 оқытушы қызмет етеді, олардың ішіне 4 ғылым докторы және 4 профессор, 8 ғылым кандидаттары, доценттер, сонымен қатар 2 PhD докторлары кіреді. Оқу процесін 6 көмекші-оқу қызметкерлері қамтамасыз етеді.

фото

Оптика және плазма физикасы кафедрасының меңгерушісі,

ф.-м.ғ.д., профессор Ю.В.Архипов

Архипов Юрий Вячеславович – оптика және плазма физикасы кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымының докторы, профессор. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Физикалық гидродинамика» мамандығы бойынша бітірді. ҚР-да «Физика және плазма химиясы» мамандығы бойынша бірінші болып физика-математика ғылымының кандидатын қорғаған (П.Н.Лебедев атындағы физикалық институт, Москва, 1983). 2007 жылы «ЖОО ең үздік оқытушы» грантының иегері. 1999 жылы ДААД неміс фонды грантын алды, А.Гумбольдт атындағы Берлин университетінде ғылыми тәжірибеден өтті. Ол 100-ден аса ғылыми еңбектері мен оқу құралдарының авторы. Көптеген халықаралық ғылыми конференциялардың қатысқан.

ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор Бәйімбетов Ф.Б.

Бәйімбетов Фазылхан - ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., профессор. Бәйімбетов Ф. Новосибирск мемлекеттік университетін бітірген (1963). Әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1973 жылдан бері доцент, профессор болып жұмыс істейді. Ол оптика және плазма физикасы кафедрасының меңгерушісі (1986-1994, 1996-2004 жж.), оқу ісі бойынша проректор (1988-1992 жж.), оқу ісі және халықаралық байланыстар бойынша проректор (1998-2001 гг) қызметтерін атқарды.

Бәйімбетов Ф. - 200-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде жалпы және арнайы курстар бойынша қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген 2 монография және 20 оқу әдістемелік және әдістемелік құралдары бар. Ол Қазақстандағы плазма физикасы ғылыми мектебінінің негізін қалаушы және жетекшісі болып табылады. Оның ғылыми жетекшілігімен 19 кандидаттық диссертация және 4 докторлық диссертация қорғалды.

Республикадағы ғылымның дамуы мен ғылыми-педагогикалық кадрлерді дайындауға қосқан үлесіне қарай Бәйімбетов Ф. 2003 жылы ҰҒА академигі болып тағайындалды, «Ғылымға сіңірген зор еңбегі» үшін оған үш рет Мемлекеттік ғылыми стипендия, 2001 жылы ғылым бойынша «Тарлан» премиясы берілді. 2006 жылы Бәйімбетов Ф. «ЖОО үздік оқытушысы» грантын алды.

фото

Ф.- м. ғ. д., профессор Т.С.Рамазанов

Рамазанов Тілекқабыл Сабитұлы - физ.- мат. ғыл, докторы, профессор С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Профессор Рамазанов Т.С. – ҚР ғылым және білім Министрлігінің тағайындаған «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері және ғылым мен техниканың дамуына үлесін қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипедиясынының (2002 – 2006 жж.) екі рет иегері болды.

Профессор Т.С. Рамазановтың жетекшілік етуімен 1 докторлық, 13 кандидаттық және 1 PhD диссертация қорғалды, 350-ден аса ғылыми еңбектері бар, оның үштен бір бөлігі импакт-факторы жоғары жоғары рейтингті журналдарда жарияланған, Халықаралық конференцияларда 120 ғылыми баяндамалар жасалды. Ол - қазақ және орыс тілдерінде шыққан 2 монография және 15 әдістемелік-оқу құралының авторы.

фото фото фото фото
Жұманов К.Б. Ахметов Е.А. Сармасаев М.Т. Жұмағулова Қ.Н.

Жұманов Кеңес Болатұлы. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1959 жылы бітірген, оптика және плазма физикасы кафедрасында 1962 жылдан жұмыс істейді. 1973 жылы 01.04.05 – оптика мамандығы бойынша «Төменгі температурадағы доғалық плазманың электрлік және оптикалық қасиеттеріне сыртқы магнит өрісінің әсері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, 1978 жылдан – доцент, 2002 жылдан – профессор болды. Ол қазақ және орыс тілдеріндегі бірнеше оқулықтар мен әдістемелік оқу-құралдарының авторы.

Ахметов Еркінбек Ахметұлы - кафедры оптика және плазма физикасының доценті, физика факультетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы. Әр кездері ММУ-інде, ЛМУ-інде, ИМУ-інде БЖФ-де «Оптика және спектроскопия» мамандығы бойынша білім дәрежесін жоғарлатты, сонымен қатар Лозанна қаласындағы (Швейцария) физика плазмасын зерттеу Халықаралық орталығында ғылыми тәжірибеден өтті.

Е. Ахметовтың ғылыми зерттеу жұмыстары төменгі температуралы плазма физикасының мәселелеріне байланысты және 39 ғылыми еңбектері бар.

Сармасаев Марат Тұрсынбайұлы. 1965 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ физика факультетін бітірді. 1972 жылы «Статикалық физика – тасымалдау құбылысының кинетикасы» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғап шықты. 1965 жылынан бастап физика факультетінде жұмыс істейді. ММУ және МФТУ-дың әйгілі ғалымдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Ол - 4 оқу-әдістемелік құралдардың және 40 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.

Жұмағулова Қарлығаш Нұрманқызы - физ.-мат. ғылымының докторы, доцент. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетін 1994 жылы бітірді. Оның жетекшілік етуімен 3 кандидаттық диссертациялар қорғалды және 180 ғылыми жұмыстары республикалық және шетел басылымдарда, 12 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Ол - ҚР дарынды жас ғалымдар үшін Мемлекеттік стипендиясының және ҚР БҒМ «ЖОО-ның үздік оқутушысы» (2007 ж.) Мемлекеттік грантының иегері.

фото фото фото фото
Коданова С.Қ. Жүкешов Ә.М. Давлетов А.Е. Габдуллина Г.Л.

Коданова Сандуғаш Құлмағамбетқызы - физ.-мат. ғылымының кандидаты, доцент, оптика және плазма физикасы кафедрасының меңгерушісінің орынбасары. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетін 1996 ж. бітірді. 2001 жылы «Кулондық логарифм және идеал емес плазманың кинетикалық қасиеттері» тақырыбында кандидаттық диссертацияны қорғады. ҚР дарынды жас ғалымдар үшін Мемлекеттік стипендиясының иегері. Ол - 40 астам ғылыми жұмыстардың, соның ішінде 5 оқу-әдістемелік құралдарының авторы.

Жүкешов Әнуар Мұратұлы - физ.-мат. ғылымының кандидаты, доцент. Санкт-Петербургтің МУ физика факультетіні 1994 жылы бітірді, 2003 жылы ҚР БҒМ ФТИ кандидаттық диссертациясын қорғады. 1998 ж. бастап оптика және плазма физикасы кафедрасында жұмыс істейді. Негізгі ғылыми бағыттары импульстік плазма ағындары физикасымен және оларды материалдардың беттік технологиясында қолдануға байланысты. Оның 50-ден астам ғылыми еңбектері бар.

Давлетов Асқар Ербуланович - доцент, физ.-мат. ғылымының кандидаты. ҚазҰУ физика факультетінің бакалаврын (1996) мен магистратурасын (1998) үздік бітірді. 2001 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады. 2001 ж. бастап оптика және плазма физикасы кафедрасында жұмыс істейді. 1998 және 2000 жылдары ҚР БҒМ «Қазақстанның үздік жас ғалымы» грантының және «2008-2009 оқу жылындағы ҚазҰУ-нің үздік оқытушы» номинациясының иегері. Утрехт (Нидерланды) және Париж (Франция) қалаларында ғылыми тәжірибелден өткен. Оның - 50 астам ғылыми еңбектері бар.

Габдуллина Гүлмира Ләйкеқызы - физ.-мат. ғылымының кандидаты, доцент, физика факультетінің әдістемелік бюросының төрайымы. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетін 1990 жылы бітірді. 1998 жылы «Бөлшектердің шашырау қималары және идеал емес плазманың электрөткізгіштігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Плазма физикасындағы физикалық процесстерді компьютерлір моделдеу бағыттында ғылыми жұмыстар жүргізуде. 20 астам ғылыми жұмыстары бар және 2 әдістемелік- оқу құралдарының авторы.

фото фото фото фото
Таирова Н.Н. Төреханова Қ.М. Мейірханова Г.М. Омарбакиева Ю.А.

Таирова Надежда Николаевна –аға оқытушы. 1980 жылы Новосибирскідегі Ленин Комсомолы атындағы Мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің «Сұйық, газ және плазма механикасы» мамандығы бойынша бітірді. Оқу процесінде қазіргі заманғы педагогикалық әдістемелерді, жаңа технологияларды, сонымен қатар әр түрлі интерактивті құралдарды қолданады.

Төреханова Құндыз Момынқызы - физ.-мат. ғылымының кандидаты, аға оқытушы. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетін бітірді. Екі рет ҚР дарынды жас ғалымдар үшін Мемлекеттік стипендиясының (2008-2010ж.) иегері. Плазма физикасындағы физикалық процесстерді компьютерлір моделдеу бағыттында ғылыми жұмыстар жүргізуде. Республикалық және шетел журналдарда 30 астам ғылыми жұмыстары бар және 3 әдістемелік- оқу құралдарының авторы.

Мейірханова Гүлнұр Мейірханқызыаға оқутушы, физика саласында философия докторы (PhD). ҚазҰУ физика факультетінің бакалаврын (2002) мен магистратураны (2005) үздік белгімен бітірді. 2005 жылы докторантураға (PhD) түсіп, 2008 жылы диссертацияны қорғады. Екі рет Валенсия (Испания) қаласында ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті. Халықаралық конференцияларда 6 рет ғылыми баяндамалар жасады, жоғарғы рейтингті журналдарда 5 ғылыми еңбектері бар.

Омарбакиева Юлтуз Амурулламқызыфизика саласында философия докторы (PhD). 2005 жылы докторантураға (PhD) түсіп, 2008 жылы диссертацияны қорғады. ИНТАС (2007ж.) және ДААД (2008-2009жж) грантының иегері. Росток (Германии) қаласында ғылыми-зерттеулік тәжірибеден өткен. Республикалық, халақаралық конференцияларында ғылыми баяндамалар жасады және жоғарғы рейтингті журналдарда 20 астам ғылыми еңбектері шықты.

фото фото фото
Досболаев М.Қ. Ашықбаева Ә.Б. Асқарұлы Ә.

Досболаев Мерлан Қылышұлы оқытушы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика факультетін 2005 ж. бітірді. Ол - ҚР дарынды жас ғалымдары үшін Мемлекеттік стипендиясының (2008-2010ж.) иегері. Ғылыми бағыты: әртүрлі разрядтардағы плазмалық тозандардың құрылымдарын эксперимент бойынша зерттеу. Республикалық және шетел журналдарында 30 астам ғылыми жұмыстары бар.

Ашықбаева Әсел Болатқызыоқытушы. ҚазҰУ физика факультетінің бакалаврын (2000) мен магистратураны (2002) үздік бітірді. Ол – идеалды емес плазма физикасы бағыты бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізеді, халықаралық және республикалық басылымдарда бірнеше мақалалары шығарылған.

Асқарұлы Әбдіәділоқытушы, PhD докторанты. ҚазҰУ физика факультетінің бакалаврын (2005) мен магистратураны (2007) үздік бітірді. 2007 жылы докторантура (PhD) бөліміне түсті. Валенсия (Испания) қаласында ғылыми-зерттеулік тәжірибеден өтті. 6 рет Халықаралық конференцияларында баяндамалар жасады және жоғарғы рейтингті журналдарда 9 ғылыми еңбектері бар.

Физикалық және арнайы практикумдар бойынша лабораториялық сабақтар жүргізуге, оқу-әдістемелік құралдарды жазуға кафедраның тәжірибелі мамандары қатысады. Атап айтсақ Мұрат Л.Т., Күсембаева М.Д., Иминова Н.А., Мүрсалимова Т.А., Өмирбекова З.К., Габдуллина А.Т., Умирзакова С.А., Құлжанова С., Базарбаева А.Қ., Мухаметкарімов Е., Еримбетва Л. Олар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің түлектері.

Оптика және плазма физикасының меңгерушісі проф. Ю.В. Архипов ұстаз, қызметкерлерімен бірге