Ғалымдардың біліктілігін көтеру бойынша Қазақстан-Британ қарым-қатынасы

14.03.2016

Көрулер: 3216

ҚазҰУ базасында құрылған Алматы қ. Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы университет пен British Council арасындағы әріптестік жоба ретінде «Ньютон – әл-Фараби» үкімет аралық Қазақстан – Британ бағдарламасы аясында «Зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру көздерін іздеу мен ұсыныстарды дайындау» тақырыбында трененинг өткізді.

Тренингтің мақсаты зерттеу жұмыстары үшін қаржыландыру көздерін іздеу мен ұсыныстарды дайындау бойынша зерттеушілердің кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылды.

Семинарға ҚазҰУ оқытушылары мен декандары, Алматы Экономика мен статистика Академиясының проректоры Махамбетов Д.М., ҚазБСҚА, Халықаралық Білім Корпарациясы, ҚазҰМУ, Сулейман Демирель Университеті, UIB, КИМЭП, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ҚазҰАУ оқытушылары мен ғалымдары, сондай-ақ BNT Kazakhstan мен BBA Ltd. бизнес құрылым өкілдері қатысты. ‎

Семинарды 25 жылдық тәжірибесі бар, өзінің кәсіби карьерасында 2,5 млн. Евродан артық қаржыландыру көздеріне ие болған британдық сарапшы профессор П.Куонтрик жүргізді.

Сарапшы тренинг қатысушыларымен Еурокомиссияға гранттық тапсырыстарды өткізудің қыр-сырын аша отырып, әртүрлі қаржыландыру көздеріне сәтті тапсырылған ұсыныстарды мысалға келтіре отырып, тапсырыстарды кім бере алады және ЕО грантымен қаржыландыратын шығындар мен қаржыландырылатын басым бағыттармен таныстырды.

Семинар нәтижесінде қатысушылар табысты жобалық ұсыныстардың негізін құрайтын әртүрлі гранттар туралы, логикалық диаграммалар, іріктеу үрдісі мен ұсыныстарды бағалау мен туындаған сұрақтарға жауап алды.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дан Ассанова ханымның семинар туралы: «Семинар өте пайдалы болды. Мұндай семинарлар елдің дамуына үлесін тигізеді, себебі мен семинарда кездестірген ғалымдар өте білімді, интеллигентті және болашаққа бағдар алған. Олар расында да, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосады. Егер, осындай халықаралық жоғары деңгейде семинарлар көп ұйымдастырылса, ел тез-ақ дамиды»,- деп өз пікірін білдірді.

Семинар ұйымдастырушылары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география мен табиғатты пайдалану факультеті базасындағы Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы мен рекреациялық география және туризм кафедрасы.

Орталықтың келесі ғылыми жобаларды коммерциализациялау бойынша семинары 2016 жылы 15 сәуірде өтеді.