"Дінтану" мамандығының студенттері «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты

14.03.2016

Көрулер: 3177

Дінтану мамандығының 1-курс магистранттары мен дінтану мамандығының 2-курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты. Аталған орынға барған сәтте келген студенттерді балалар үйінің меңгерушісі Бақыткүл Сапбекқызы күтіп алды. Ол ғимаратты аралатқыза отырып, студенттерді балалармен таныстырды. Жетім балаларға арналған бұл интернат үйде 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді.

Магистранттар мен студенттер тәрбиеленушілерге түрлі тәттілер, жеміс-жидектер, ойыншықтар және қажетті тұрмыстық заттар апарып берді. «Жанұя» балалар үйіне келген студенттер мен магистранттардың барлығы балалардың көңіл-күйін көтеруге тырысты. Олармен түрлі спорттық ойындар ойнады және мерекелік дастархан да жайып берді. Университетіміздің студенттерінің балалар үйіне баруы жақсы дәстүрге айналып отыр.

Ұйымдастырушылар: Мейрбаев Бекжан Берикбайұлы, Джекебаева Мақпал Абиловна