Самбо бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы турнир өтті

01.01.2016

Көрулер: 4647

2015 жылдың желтоқсанында ҚазҰУ университетінде самбо бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Республикалық турнир өтті. Біздің университет атынан заң факультетінің студенттері: Сапар Жақсылық 62 кг. салмақ деңгейінде 2 орынға, Жанатбек Ернар 52 кг. салмақ деңгейінде 1 орынға ие болды. Қыздар арасынан заң факультетінің студенті Нурланова Айжан 52 кг. салмақ деңгейінде 1 орынға және механика-математика факультетінің студенті Отарбай Айзан 64 кг. салмақ деңгейінде 1 орынға ие болды. Жаттықтырушы: Бакаев Б.К.