Аманжол Ибрагимовпен кездесу

22.01.2016

Көрулер: 3837

2016 жылдың 22 қаңтар күні факультетіміздің түлегі, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның ҚХР мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері өкілдігінің жетекшісі Аманжол Ибрагимовпен кездесу болды. Бұл кездесу қытайтану кафедрасының түлектермен және жұмысберушілермен арадағы жұмысты жандандыру жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты кафедра түлектерін жұмыспен қамту мақсатында шетелде қызмет етіп жатқан отандық компаниялардың өкілдерімен кездестіру, олардың жұмысқа қабылдау тәртібі мен талаптарын таныстыру, факультетіміздің түрлі белді қызметте жұмыс істеп жүрген түлектерімен студенттерді кездестіру. Және де бұл кездесудің тағы бір ерекшелігі - ғылым мен кәсібін бірдей ұштастыра білген түлегіміз Аманжол Ибрагимов халықаралық жүк тасымалы саласына арналған орыс-қытай сөздігі анықтамалығының тұсаукесерін өзі оқып білім алған Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ Шығыстану факультетінде өткізуі болды.

Аманжол студенттер мен магистранттарға өз өмірі мен еңбек жолы, университет қабырғасында өткен студеттік өмірі турасында қысқаша тоқталып өтіп, халықаралық жүк тасымалы саласына арналған орыс-қытай сөздігі анықтамалығының оқу үдерісінде және жұмыста қолдану құндылығымен таныстырып өтті.

Кездесу студенттер мен магистранттардың көкейлерінде жүрген сұрақтарын қою арқылы, пайдалы кеңеске толы сұқбатқа айналды.

Кеш соңында Ибрагимов Аманжол өзінінің жүк тасымалы саласына арналған орыс-қытай сөздігі анықтамалығын 80 данасын студенттер мен магистранттарға сыйға тартты.