ҚазҰУ сайты көшбасшы атанды

03.02.2016

Көрулер: 3990

Испандық Cybermetrics Lab зерттеу тобы үздік–20 қазақстандық университет сайттарының тізімін жариялады. Cybermetrics Lab зерттеу тобы құрастырған университет сайттарының әлемдік рейтингінің қазақстандық бөлігінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің порталы көш бастап тұр.

Сарапшылар сайттарды бағалау кезінде порталдардың іздеу жүйелерінде анықталып шығуына, атап айтқанда гиперсілтемелердің саны мен іздеу жүйелерінде көрінуіне баса назар аударды. Рейтинг жылына екі рет жарыққа шығады. Қаңтар мен шілде айының алғашқы 20 күнінде 24 мыңнан астам порталдар туралы мәліметтер жиналады. Құрастырушылардың негізгі мақсаты білім беру бағдарламаларына сай университеттерді ғаламтордағы белсенділігін арттыруға ынталандыру. Ақпараттар көбіне Google және Google Scholar-дан келіп түседі. Төменде 20-үздік қазақстандық жоғары оқу орыны сайттарының рейтингісі ұсынылған:

  1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  2. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;
  3. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  4. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті;
  5. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті;
  6. Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университеті;
  7. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті;
  8. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті;
  9. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  10. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
  11. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
  12. Менеджмент және болжау институты;
  13. Назарбаев Университеті;
  14. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы;
  15. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті;
  16. Қазақ-Британ техникалық университеті;
  17. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
  18. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
  19. Алматы энергетика және байланыс университеті;
  20. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Жаһандық рейтингте бірінші орынды Гарвард университетінің сайты, екінші орынды Стэнфорд университетінің сайты, ал үшінші орынды Массачусетс технологиялық институты алғанын атап өту керек.