Айқын

27.01.2016

Көрулер: 1572

ТҮРКСОЙ шәкіртақы тағайындады

ТҮРКСОЙ шәкіртақы тағайындады Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттеріне халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы шәкіртақы тағайындады.

Аталмыш кафедра бір жыл бұрын ректордың бастамасымен ашылған болатын.

Халықаралық ұйымның Бас хат­шысы Дүйсен Қасеиіновтің атынан «Түркітану», «Шетел филологиясы: тү­рік тілі», «Аударма ісі» маман­дық­та­ры бойынша білім алатын сту­дент­терді ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында берілген шәкіртақыны ТҮРКСОЙ Қаржылық бөлімінің басшысы Санжар Мүлә­зімұғ­лы Анкарадан арнайы келіп та­быстады. Жүз мың теңге көле­мін­де­гі бір реттік шәкіртақы ТҮРКСОЙ ка­федрасының белсенді және ең озат сегіз студентіне берілді. Жиында сөз сөй­леген ТҮРКСОЙ өкілі әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­си­те­тінің басшылығын соңғы уақыттағы білім беру мен ғылым саласындағы ха­лықаралық деңгейде қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, халық­ара­лық ұйым мен университет ара­сын­дағы ынтымақтастықтың бұдан әрі де дами түсетініне сенім білдірді.

Жиын соңында әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінің рек­­торы Ғалымқайыр Мұтанов ТҮРКСОЙ ұйымының басшылығына сту­денттерге көрсеткен қолдаулары үшін ерекше алғысын білдірді.