ҚазҰУ мен Эрзинжан университеті арасындағы ынтымақтастық

26.01.2016

Көрулер: 3223

ТҮРКСОЙ кафедрасы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Асқар Турғанбаев және ф.ғ.к., аталған кафедраның Халықаралық қатынастар жұмысының үйлестірушісі доцент Зүбайда Шадкам Түркия Республикасы Эрзинжан университеті тарапынан шақырылып арнайы іс-сапарда болып қайтты.

Бұл іс-сапардың шеңберінде төмендегідей негізгі мәселелер қарастырылды:

- Қос дипломды білім беру;

- Академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен алмасу;

- Тәжірибе алмасу мәселесі бойынша оқытушылармен алмасу;

- білім беру жүйелеріндегі бірлескен жобалар халықаралық жобалар жасау;

- Мәдени орталықтар арасындағы қарым-қатынасты арттыру;

- Жазғы мектеп мәселесі;

- Бірлескен оқыту бағдарламаларын жасау (оқулық, әдістемелік кешен, видео лекциялар, т.б.);

- Ортақ конференция, симпозиум ұйымдастару, ғылыми мақала жазу;

- PhD және магистранттардың диплом жұмыстарының жетекшілігі және тағылымдамадан өту сияқты мәселелері қарастырылды.

Іс-сапар барысында Эрзинжан университетінің ректоры профессор Ильяс Чапоғлы мырза арнайы шақырумен келген оқытушылармен кездесті. Негізгі қарастырылған мәселелер бойынша екі университет арасындағы ынтымақтастықтың даму жолдарының жоспары, негізгі жұмыстардың бағыты қарастырылды.

Аталған іс-сапарда Эрзинжан университетінде Педагогика факультетінің деканы профессор Режеп Полат, Әдебиет факультетінің деканы профессор Али Кандемирмен де кездесулер болды. Бұл іс-шаралар университеттер арасындағы қарым-қатынасты ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Түркия Республикасының білім беру жүйесіндегі байланысты нығайтуда ерекше үлес қоса түсетіні анық.

Кездесудің нәтижесі ретінде қазіргі таңда Эрзинжан университетінде ТҮРКСОЙ кафедрасының магистранттарының ғылыми-зерттеу практикаларын өткізу мен студенттердің Академиялық ұтқырлық бойынша І семестр оқуға баратынын айтуға болады.

ТЮРКСОЙ кафедрасы

к.ф.н., доц. Шадкам З.