Алматы ақшамы

14.01.2016

Көрулер: 1744

Жас түлек оқуға кел

Бiлiмге ұмтылған жас өреннiң бүгiнде мектеппен қоштасып, өмiр жолын, болашақ мамандығын таңдайтын да уақыты келiп қалды. Осы орайда жас түлектерге бағыт болар деген оймен 80 жылдық тарихы бар, елiмiздегi iрi бiлiм ордасы, талайларға арман болған университетiмiз – ҚазҰУ туралы айтқым келiп едi. Сол арманды қуып мен де бұл жоғары оқу орнына түстiм.

Экономика және бизнес жоғарғы мектебi, Менеджмент және меркетинг кафедрасына оқуға түскен соң, жастық шақтың жалынымен бiрге ҚазҰУ-дiң бiлiмi қызықтыра жетелеп жүре бердi. Кафедраның меңгерушiсi, э.ғ.д. профессор Мұхтарова Қарлығаш Сапаровна бастаған оқытушылар, белгiлi ғалымдардан дәрiс алу бiз үшiн үлкен бақыт болды. Менеджмент және маркетинг кафедрасында оқу маған көп мүмкiндiктерге жол ашты: Республикалық ғылыми жобаларғ қатысу, ғылыммен айналысу, зиялы ортада болу, маған бiлiм алуды, алған бiлiмдi сiңiрудi, басқаға үйрете бiлудi үйреттi. Бұл жоғары оқу орны маған өзiмдi-өзiм тану, шыңдауға үйреттi.

Ал бүгiнгi ҚазҰУ – әлемдiк рейтингтерде алдыңғы қатарлардан көрiнiп, бәсекеге қабiлеттi мамандар дайындауда танымал болған заманауи бiлiм ордасы. QS британдық рейтинг агенттiгiнiң бағалауы бойынша бiздiң университет 2011 жылы әлемнiң ең үздiк жоғарғы оқу орындарының тiзiмiне ендi әлемнiң ең үздiк 800 университетiң . Қазiргi таңда университеттiң QS рейтингiсiндегi позициясы– 275 орын. Жоғары бiлiктi оқытушы-профессорлар құрамы, толық жабдықталған Фараби кiтапханасы жастардың бiлiм алу мүмкiндiктерiн арттыра түседi. Әлемнiң алдыңғы қатарлы университеттерiмен жасалѕан тиiмдi келiсiм-шарттар негiзiнде студенттердiң академиялық ұтқұрлық аясында бiр семестр басқа елдерде бiлiм алып қайтуына болады. ҚазҰУ қалашығында жабдықталған интернет орталыѕы, спортпен шұғылданатын кешен, әртүрлi студенттiк клубтар жұмыс iстейтiн студенттер сарайы, ғылыми орталықтар бар. Қалай десем де, ҚазҰУ-мен мақтанамын, тiптi, халыққа танымал болып жүрген азаматтарды бiздiң түлегiмiз деп естiгенде, көңілiм көтерiлiп, бiр марқайып қалатыным бар. Мен сол тұлғалардың отырған аудиториясында отырып, сол кiсiлерге сабақ берген ұстаздардан тәлiм алып жүргенiм маған жiгер бередi. Әлемдiк дәрежедегi бiлiм мен спорт сайыстарында топ жарып жүрген ҚазҰУ студенттерi сол аға буынның жалғасы шығар, мен де сол үрдiске iлесе алсам, жетiлгенiм және самғап ұша алатындай болғаным деп сенемiн. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегi осындай мүмкiндiктердi пайдаланып, сапалы бiлiм алу үшiн сен де, жас түлек, оқуға кел!