Ана тілі

14.01.2016

Көрулер: 1836

Академиктерге арналды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» баспасынан жарық көріп келе жатқан «Өнегелі өмір» сериясының кезекті 67, 68-шығарылымы Қазақстанның белді ғалымдары, академиктері Т.Б. Дарханбаев пен М.А. Айтхожинге арналып шығарылды.

Кітапта ғалымдар жайлы биографиялық ақпараттар, олардың ғылыми мақалалары мен жеке мұрағат суреттері, сонымен қатар туыстары, замандастары мен әріптестерінің, шәкірттерінің жылы лебіздері мен естеліктері қамтылған.

Салтанатты шараны ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Темірбай Байбосынұлы мен Мұрат Әбенұлының өмірі, еңбек жолы өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

Қазақстанның көрнекті ғалымдары туралы кітаптың тұсаукесер рәсімі мен еске алу кеші жас ғалымдардың ғылымға деген құштарлығын арттыра түсіп, жаңалықтар ашуға шабыттандырды.