ТҮРКСОЙ кафедрасының ең үздік студенттеріне Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) шәкіртақы тағайындады

20.01.2016

Көрулер: 3506

ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов пен Түркия Республикасы, Анкара қаласы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) Қаржылық бөлімінің басшысы Санжар Муләзімұғлы ТҮРКСОЙ кафедрасының студенттерін ынталандыру және әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында 100000 (жүз мың) теңге көлемінде бірреттік шәкіртақы табыстады.

100000 (жүз мың) теңге көлемінде бірреттік шәкіртақыға ие болған студенттер тізімі:

1.Нуркеева Меруерт Ерланкызы – «5В021014-Шетел филологиясы: түрік тілі» мамандығы, 2-курс;

2.Мырзахмет Балжан Дулатқызы – «5В021014-Шетел филологиясы: түрік тілі» мамандығы, 2-курс;

3.Күзенбаева Айым Қуанышқызы – «5В021200-Түркітану» мамандығы 2-курс;

4.Қуандық Нұргүл Қуандыққызы – «5В021014-Шетел филологиясы: түрік тілі» мамандығы, 3-курс;

5.Тоқпулатов Давлет Молдабекұлы – «5В021014-Шетел филологиясы: түрік тілі» мамандығы, 3-курс;

6.Али Гульбану – «5В021200-Түркітану» мамандығы, 3-курс;

7.Имашева Зульфира Абдуваитовна - «5В021200-Түркітану» мамандығы, 3-курс;

8.Аюпова Дилярам Шамшидинқызы - «5В021200-Түркітану» мамандығы, 3-курс;

Шәкіртақы сертификаттарын GPA көрсеткіштері жоғары, оқу озаттары мен бірнеше түркі тілдерін меңгерген, кафедраның қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысатын студенттер алды.

Шәкіртақыны салтанатты табыстау рәсіміне Түркия Республикасы, Анкара қаласы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) өкілі, Қаржылық бөлімінің басшысы Санжар Муләзімұғлы арнайы келді.

Салтанатты рәсім естелік суретке түсумен қорытындыланды.

Шәкіртақы иелерін жеңісімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болғай!