ҚазҰУ-да «Білім сапасын арттыруда қолданылатын инновациялық технологиялар» атты семинар өтті

09.01.2016

Көрулер: 2673

ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен Еуразия технологиялық университетінде 2016 жылдың 8 қаңтарында «Білім сапасын арттыруда қолданылатын инновациялық технологиялар» атты семинар өтті. Семинарды педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы, доцент Төлешова Ұлмекен Болатқызы өткізді.

Семинардың мақсаты: тыңдаушыларды білім сапасын арттыруда қолданылатын инновациялық технологиялармен таныстыру және ғылыми-негізделген жүйелі түсінік беру. Жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы оқытуды бір жуйемен үздіксіз жүргізу. Іс-шара негізінде оқу-тәрбие үрдісінде пәнаралық байланыстардың болуы қарастырылды.