Корея қорының шәкіртақысын тағайындау рәсімі өтті

12.01.2016

Көрулер: 3367

Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің магистранттары мен докторанттарына Корея қорының шәкіртақысын тағайындау рәсімі өтті.

2015 жылдың тамыз айында ҚазҰУ ректоры Ғ.М.Мұтанов пен Корей қорының президенті Ю Хюн Сок қол қойған келісімшартқа сәйкес корейтану саласындағы зерттеулерін ары қарай жалғастыру үшін төрт магистрант 4 мың АҚШ доллары көлеміндегі және бір докторант 6 мың АҚШ доллары көлеміндегі шәкіртақыға ие болды. Корей қоры біздің университетіміздің бұрыннан келе жатқан серіктесі болып табылады. Кафедра мен факультет 20 жылдан бері шетелдік профессорларды шақыру, ғылыми конференцияларды өткізуге қолдау көрсету, ғылыми тағылымдамалар мен оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру бағыттары бойынша белсенді түрде Қормен ынтымақтастығын нығайтуда.

Корей қорының қолдауымен 2012 жылы Global e-School – ҚазҰУ студенттеріне арналған Кореяның үздік профессорларының онлайн-дәрістері өткізілетін халықаралық жоба ашылып, қазіргі таңда табысты дамуда. Халықаралық ынтымақтастықтың мұндай формалары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі беделінің көрсеткіші болып табылады, әрі ҚазҰУ студенттерінің жоғары деңгейін көрсетеді.