Ұлт жоспары - Ұлы істерге бастайтын саяси құжат

11.01.2016

Көрулер: 2478

Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласын бастан аяқ оқып шықтым. Онда Елбасы қазақстандықтардың даму жоспары мен еліміздің болашағын баяндаған. –Әлеуметтік-экономикалық жетістіктер мен іс-әрекеттерді көрсеткен. Біз бірлікпен бірігіп қимыл жасасақ Қазақ елінің алмайтын қамалы, аспайтын асуы жоқ екендігі айқын айшықталған.

Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығынажаңа қазақстандық арманменаяқ бастық, оның ­басты мақсаты- ХХІ ғасырдың ортасына қарай Қазақстанныңәлемдегіаса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуынақол жеткізу. Елбасы айтқандай: «Бұл бүкілхалықтық арманға айналды».

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұдан бұрын да: «Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. Алдағы келе жатқан күрделі кезең біз үшін еңсеру кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар. Біз Қазақстанымызды дамудың жаңа шептеріне шығаратын боламыз!» – дегенді нық сеніммен айтқан болатын.

Көкейге түйгеніміз көп. Арман адамға қанат бітіреді. «Армансыз адам алысқа бармас» деп ата-бабамыз біліп айтқан. Арманы жоқ халықтың болашағы жоқ. Тәуелсіздік жылдары мемлекетіміз кемелденген жолға түсті. Экономикалық әлеуетіміз көтерілді. Индустриалдық-иновациялық бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық облыстарда өндіріс орындары көбейді.Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мықты. Олар бір мақсат, бір мүддеге қызмет етіп келеді. Елбасы мақаласында атап көрсеткен мәселелерді оңтайлы шешудің жолдары бар. Дағдарыс өтеді, кетеді. Біздің халыққа бұрынғыдан да бекем болып, кәсіпке мамандану керек. Сонда дағдарыс қорқынышты емес. Қазақстанды жақсы болашақ күтіп тұр.

Ұлт жоспары - Ұлы істерге бастайтын саяси құжат. Біз Елбасының «Нұрлы» жолы арқылы ұлтымыздың өсіп өркендеуі мен еліміздің дамуын көреміз. Елбасымыз қашанда елді қиын-қыстау кезеңдерде елді жарқын болашаққа жетелейтін жобаларды ұсынып, өзінің көреген басшы екенін дәлелдеумен келеді. Бұл бағдарлама да соның бірі. Барлық саланы қамтыған. Соқырға таяқ ұстағандай етіп көрсетіп, жіліктеп шағып беріпті. Әрі көп мағлұмат аласың. Көзі ашық, санасы бар адамға үлкен ой салады.

Қазіргі дағдарыс жағдайында еңсені түсірмей, алға биік мақсаттар қою маңызды. Қазақстанды тек алға қойған мақсаттары ғана дағдарыстан алып шығады.

Елбасы, мемлекетіміз жастардың білім алуына, осы саланы реформалауға ерекше көңіл бөліп жатыр. Білім беру бағдарламасынамаңызды өзгертулер енгізілді. Аталмыш мақалада бұл бағыттардағы жұмыстар былайша көрсетілген: «Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарынәзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Білім беруүш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндежүргізілетін болады. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) жобалары үшін кадрлар даярлау деңгейінарттыру бойынша шаралар қабылданды».

ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында сонымен бірге, 2017 жылдан бастап «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасынжүзеге асыру басталатыны туралы айтылды. Оған қатысу, әсіресе, жас қазақ­стандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатынарқаулық еңбек дағдыларын алуғажағдай жасайды.

Президент атап көрсеткендей: «Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды –Ұлы Дала Елінқұрдық». Ұлт жоспары—қазақстандық арманға бастайтын жол екені ақиқат. Олай болса, Бес институттық реформанының ойдағыдай орындалуына барлық қазақстандықтар болып жан-жақты қолдау көрсетейік!

Ұлт Жоспары - Қазақстан болашағына бастайтын жол. Сол жолда бəріміз бір тілекпен, бірдей мақсатпен бірігіп, ел үшін бірлесе жұмыс жасайық. Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға және рефор­­­маларды жүргізугебарынша бел­сенді қатысайық. Нұрсұлтан Әбішұлының Ұлт Жоспары еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып отыр. Сондықтан мақсатымызға жету үшін барлығымыз жұмылып, үлес қосуымыз қажет деп ойлаймын.

Сабырхан Смағұлов

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы