Ғылыми фотосуреттер байқауы жарияланды

06.01.2016

Көрулер: 3273

Ғылым мен фотографияны сүйетіндерге! ​

​2016 ж. 10 қаңтарына дейін білім берудің бірыңғай әлемдік қоры – Wikimedia жобаларын: Википедия және Викиқорын толтыру үшін «Science Photo Competition 2015» ғылыми фотобайқауына барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Осы жылы Қазақстан алғаш рет ғылыми фотосуреттердің Еуропалық байқауына қосылды. Байқаудың қазақстандық бөлімінің ұйымдастырушысы - Nazarbayev University Research and Innovation System.

Қазақстандық бөлімнің жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады және «Science Photo Competition 2015» байқауының халықаралық финалына қатысады.

1 орын – 300 000 теңге;

2 орын – 200000 теңге;

3 орын – 100000 теңге.

Номинацияның тақырыптары: «Ғылымдағы адамдар», «Микрокескіндер», «Фотосуреттік емес материалдар», «Кескіндердің топтамалары» және «Жалпы категория».

Суреттерге қойылатын талаптар мен қатысудың шарттарын мына сілтемеден оқи аласыз:https://commons.wikimedia.org/wiki/Commons:European_Science_Photo_Competition_2015_in_Kazakhstan

Байқауға жұмыстарыңызды осы сілтеме арқылы жүктей аласыз:https://commons.wikimedia.org/wiki/Campaign:espc-kz

Байқаудың мақсаты – Википедия әлемдік энциклопедиясының мақалаларының ғылыми корпусын және еркін лицензиясы бар Викиқордың суреттер қорын, сонымен қатар, Викимедианың (wikimedia.org) басқа да ғаламдық жобаларын суреттермен қолдау.