Химия ғылымының инновация арқылы өрлеу жолы

28.12.2015

Көрулер: 3060

ҚазҰУ «Ғылыми-технологиялық паркі» аумағында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры х.ғ.д., проф. Бүркітбаев М.М. қолдауымен және Dr. Максим Алексеевич Дергуновтың бастамасымен химия саласы бойынша «Химия ғылымының өндіріспен интеграциясы, инновация арқылы өрлеуге» атты ІІІ семинар-конференциясы өтті. Осы жолы семинар-конференция суды жан-жақты зерттеуге арналды, ал дөңгелек үстел тақырыбы: «Су – бұл өмір!».

Конференцияның мазмұнды бағдарламасы химиялық білім саласындағы маңызды және ең өзекті мәселелерді талқылауға кешенді қарауын айқындады. Басты көңіл өндірісте, ғылым саласында бірқатар маңызды міндеттерді шешуге арналған талдау әдістерінің заманауи дамуы және экологиялық мониторинг бойынша сұрақтарға аударылады.

Дөңгелек үстелдің басты ерекшеліктерінің бірі, қатысушылар үшін жаңа жоғары технологиялы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы өз зерттеулерін іске асыру барысында кешенді науқанмен танысуға мүмкіндік алды.

Айта кететін жайт, осы іс-шара іскерлік қарым-қатынастардың кеңеюі, сапалы қызмет көрсету, құрал-жабдықтардағы инновация арқылы университеттің химиялық ғылым мен компанияның келешегін талқылауға арналған алаңқайға айналды.

ҚазҰУ Технопаркі өз кезегінде, ғылым мен өндірістің көпірі бола отырып, келешекте одан әрі ғылымды дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда белсенді түрде қолдау көрсетіп, жәрдемдесуге тілек білдірді.