ЖОЛДАУ-2015

10.12.2015

Көрулер: 3467

10 желтоқсан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің №14 Студенттер жатақханасында, қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Арзықұлов А.А. кафедра студенттерінің басын қосып Елбасының биылғы жылғы жолдауын талқылады. Өзекті бұл мәселеге студенттер өте қызығушылық танытты. Ертеңгі ел иесі болар жастар Елбасы саясатын толық қолдайтындықтарын білдіріп, Жолдауды жүзеге асыруда өз үлестерін аямайтындықтарын айтты.