Қытай мұнай компаниясы суденттерге стипендия тапсырды

07.12.2015

Көрулер: 3367

2015 жылдың 7 желтоқсан күні ректорат мәжілісінде шығыстану факультеті студенттеріне стипендия тапсырылды. Қытайтану кафедрасының 5 студентіне 150 мың теңгелік шәкіртақыны “Қазақстандағы ҚҰМК Интернационал” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тағайындады. Қытайдың Ұлттық мұнай компаниясы университетіміздің сенімді серігі. Екі мекеменің арасындағы келісімшартқа сәйкес берілетін бұл стипендия, осыменен бесінші жыл қатарынан тапсырылып отыр. Студенттердің барлығы компанияның арнайы ұйымдастыратын сұқбат сынағынан өткен. Ол жерде оқушының әлеуметтік жағдайымен қатар, оқудағы үлгеріме де қаралады. Шәкірақыны тапсыруға Қазақстандағы «КННК Интернационал» ЖШС директорының орынбасары, CNPC Жобасындағы кадрлар саясатын реттеу жөніндегі Директоры Абдрасилова Райхан Серікбайқызы арнайы өзі келіп мәжіліске қатысты.

Тағы да бір шәкіртақыны жеке кәсіпкер, “Сәттібай” ЖШС директоры Омарәлі Әділбек тағайындады. Ол кісі оқудағы жетістіктері мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі үшін үш бірдей студентке 70 мыңдық шәкіртақыны өз қолымен табыстады.