Шетелдік студенттер ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылады

10.12.2015

Көрулер: 2496

ЖОО-дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын талқылау мақсатында екінші жылы оқып жатқан шетел азаматтарына арналған дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында шетелдік тіл үйренуші азаматтар ел Көшбасшысының 1997 жылдан бері дәстүрге айналған жолдаулары жөнінде мәліметтерге қанықты. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары құжаттың негізгі тезистерін баяндап, Қазақстан Республикасының күллі халқына арналған Жолдаудың маңыздылығын түсіндірді, сонымен қатар Қазақ елімен ынтымастығы жарасқан елдерге арналып баяндалған құжат пункттеріне жан-жақты тоқталды.

Жолдаудың тезистерін талқылауға студенттер белсене қатысып, мемлекеттік құжат жайында өздерінің көзқарастарымен, пікірлерімен бөлісті. Оңтүстік Кореядан келген студент Ким Те Хеннің Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан алған әсері «Экспресс К» газеті бетінен де орын алды. http://express-k.kz/news/?ELEMENT_ID=61506