«Ана үйі – Дом мамы» қоғамдық қоры басшылығымен кездесу өтті

26.11.2015

Көрулер: 2393

«Айналаңды нұрландыр» атты жоба аясында 2015 жылдың 25 қараша күні шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы студенттер үшін «Ана үйі» қоғамдық қор басшылығымен кездесу өткізді.

Бұл жобаның мақсаты қиын жағдайға тап болған жас аналарға уақтылы көмек көрсетіп, жол сілтеу. «Ана үйі» жас аналарға моральдық және қаржылай көмек көрсетіп қана қоймай, тастанды балалар қатарын азайтуды назарда ұстауда. Ұйымдастырушылар атап өткендей, бүгінгі таңда аналарға өмірде бейімделу үшін жан-жақты қолдау көрсету керек, сол арқылы олар өз жауапкершілігін түсініп, қоғамда өз орнын табуға талпынады. Жас адамға демеу жасау, өркениетті қоғамның парызы, ал дұрыс тәрбие беру - ата-ананың парызы. "Ана үйі" қорының өкілдері студенттерге қор жұмысы туралы баяндап, көптеген сауалдарына жауап берді.

Осы кездесуді өткізудің басты мақсаты студенттерді белсенді қоғамдық іс-шараларға тарту; олардың -ел-жұрт тағдырына деген жауапкершіліктерін арттыру; белсенді азаматтық ұстанымдарын ояту; студенттердің шығармашылық белсенділігін дамыту, өзін-өзі басқару шараларына бағыттау бойынша ұйымдастыру қабілеттерін арттыру және ауызбіршілік ұғымын сіңдіру. Осындай кездесулер арқылы ұстаздар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік жиынының мүшесі болуының абыройын сезінуге үйретеді. Болашақта филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұжымы бұл қорға тұрақты түрде көмек көрсетуді жоспарлап отыр.