Психологтар кәсіби біліктілігін арттырды

24.11.2015

Көрулер: 2788

«Мектеп оқушыларының ата-аналарымен қарым-қатынас орнатудың тиімділігін арттырудың психологиялық аспектілері» атты семинар өтті

Біліктілікті арттыру институты мен философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасымен бірлесіп 2015 жылдың 20 қарашасында «Мектеп оқушыларының ата-аналарымен қарым-қатынас орнатудың тиімділігін арттыруының психологиялық аспектілері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарда қазіргі кезеңде орын алған проблемалардың бірі болып табылатын білім беру жүйесінің қызметкерлері және мектеп оқушыларының ата-аналарымен байланысы қамтылды.

Семинардың мақсаты: «мектеп – ата-ана» әлеуметтік-психологиялық жүйесіндегі өзара қатынастарды ұйымдастыру принциптері туралы ғылыми-негізделген жүйелі түсінік беру.

Семинарда талқыланған негізгі тақырыптар:

  1. «Мектеп – ата-ана» әлеуметтік-психологиялық жүйесінің өзара қатынастар принциптерімен таныстыру;
  2. Ата-аналармен тиімді байланыс құру дағдыларын дамыту, мектептерде ата-аналармен өзара әрекет тиімділігін арттыру.

Семинар бағдарламасы өз білімін жетілдіргісі келетін мамандарға арналған: мектеп психологтары, педагогтар мен пән мұғалімдері, мектеп инспекторлары және ата-аналар.