Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «ҚазҰУ хабаршысы. Дінтану сериясы» жаңа 2 сериясының тұсаукесері өтті

20.11.2015

Көрулер: 3142

«ҚазҰУ хабаршысы» журналының дінтану сериясының ғылыми редакторы профессор Нагима Байтенова мен редакторлық кеңестің мүшелері профессор Қарлығаш Борбасова, доцент Бекжан Мейрбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде журналдың алғашқы екі сериясының таныстырылымын өткізді.

«Дінтану сериясы» осы саладағы іргелі ғылыми ізденістер көрініс тапқан Қазақстандағы жалғыз ғылыми басылым. Халықаралық редакция құрамына Түркия (Мармара университетінің профессоры Челеби И.), Ұлыбритания (Мидлсекс университетінің профессоры Луиза Райан), Канада(Конкордиа университетінің профессоры Лусиан Турсеку), Татарстан ( саясат ғылымдарының докторы, профессор Мухаметшин Р.М.) және отандық дінтану мамандары кірген. «ҚазҰУ хабаршысы» ғылыми журналының жаңа сериясының таныстырылымы бұған дейін бірқатар білім беру және зерттеу мекемелерінде өтті. Олардың қатарында дінтанушы мамандарды әзірлейтін және осы саладағы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілетін Философия, саясаттану және дінтану институты, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде өтті.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы