ҚазҰУ-да «Корейтану» апталығы өтіп жатыр

19.11.2015

Көрулер: 2993

Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімі «Корейтану» апталығын жыл сайын өткізуді ұзақ жылдардан бері дәстүрге айналдырып келеді.

Бұл жолы 16-20 қараша аралығына жоспарланған апталықтың алғашқы күнін сағат 14.20-де 543 аудиторияда «Мен Корея туралы не білемін?» атты 1-курс студентерінің арасында брейнг ринг түрінде өткізілетін байқаумен басталды. Алдымен «корейтану» апталығын факультет деканының орынбасары Р.Құдайбергенова сөз сөйлеп, салтанатты түрде ашып берді. Сондай-ақ кафедраның басқа да оқытушылары өз тілектерін білдірді.

Үш топқа бөлініп, өзара жарысқан 1-курс студенттері Кореяның тарихына, мәдениетіне, дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап берді. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ байқауға қатысушылар мен кафедра студенттері, оқытушылары естелікке суретке түсті. Бұл күнге жауапты кафедраның оқытушылары Б.Ташкенбаева мен М.Аринова байқауды ұйымдастырып, оның өткізілуін қадағалады. Сондай-ақ Қиыр Шығыс кафедрасының корей бөлімінің жоғарғы курс студенттері осы шараны ұйымдастыруға көмектесіп, байқауды басынан аяғына дейін жүргізуге атсалысып, өз үлестерін қосты.

Апталығымыздың алғашқы күні 1-курс студентерінің білімін толықтырып әрі корейтануға деген қызығушылықтарын оятумен де өтте сәтті өтті деп ойлаймыз.