Орта Азиядағы бірінші инновациялық самсунг академиясы ҚазҰУ-да өз есігін ашты.

29.09.2015

Көрулер: 3328

2015 жылдың 29 қыркүйегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Орта Азиядағы бірінші инновациялық самсунг академиясының салтанатты ашылу рәсімі болды. Әлемдік компания өзінің жаңа өнімдер топтамасын, атап айтқанда соңғы модификациялы Samsung телефондары, планшеттері және теледидарлардан бастап өнеркәсіптік кондициялау жүйелеріне дейін ұсынды. Samsung инновациялық зертханасын барлық кезеңді өңдеу және бағдарламалық қамсыздандыруды енгізумен жабдықтау студенттік стартаптар мен бизнес-инкубаторларды ашуға жақсы түрткі болып отыр.

Ресми рәсімнің ашылуына Samsung Electronics Central Eurasia президенті Юнсу Ким мырза, ҚазҰУ-дың ректоры Ғ.М.Мұтанов мырза, сонымен қатар қазақстандық ЖОО мен колледждерінің өкілдері қатысты.

«Аталмыш зертхана университет және орта маманданған оқу орындарының студенттеріне арналған, олар техниканың қызмет көрсету саласымен танысып, сандық техниканы жөндеуге машықтанады» - деп, атап өтті ҚазҰУ ректоры Ғ.М. Мұтанов.

ҚР-ның «Қазақстан – 2030» және «Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020» стратегияларын қолдауда ҚазҰУ және Samsung компаниясы бірлесіп қызмет көрсету саласында студенттерге арнап қос валюталы білім беруді ұсыну арқылы квалификацияланған мамандарды даярлау мәселесін шешуде өз үлестерін қосып отыр.

Осы жылы білім беру орталығы оқуға бір мезетте 120 студентке дейін қабылдауға қарқынды. Академия жөндеу жұмыстарына арналған заманауи жабдықтармен қамтылған және тәжірибелік, теориялық зоналарға ажыратылған.

«Инновациялық Samsung академиясының» зертханасында ҚазҰУ студенттері бағдарламалық қамсыздандыруды құрастырумен, ақпараттық-байланыс технологиясы және сандық шешімдер саласында бірлескен қолданбалы зерттеулермен айналысатын болады.

ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов: «Заманауи әлеуметтік жоба Қазақстанның жылдамдатылған өнеркәсіптік-инновациялық даму бағдарламаларының мақсаттарын қолдап, осы аяда университет ақпараттық технологиялар саласында мамандарды даярлауға жауапты. Samsung техникасымен жұмыс жасау бағдарламасын ойдағыдай аяқтаған түлектерге компияның қызмет көрсету орталықтарына жұмысқа қабылданарда қосымша басымдылықтары болады», - деп айқындады.

«Samsung» инженерлерінің және оқу-әдістемелік кешендерді даярлаушыларының қатысуымен зертханада жүргізілген тур соңында Samsung Electronics Central Eurasia президенті Юнсу Ким мырза өздеріне кқрсетілген сенімі мен серіктестігі үшін университет ректорына ризашылығын білдіре отырып, зертхана базасы негізінде ҚазҰУ-дың бұл таңдауы кездейсоқтық еместігін айтады: «Сіздердің университеттеріңіз – талантты түлектері, студенттері және мықты оқытушы-профессорлық құрамымен белгілі беделі жоғары оқу және зерттеу орталығы. ҚазҰУ ғылыми-техникалық және инновациялық қарқыны бойынша Қазақстандағы ЖОО арасында көшбасшы екендігі сөзсіз» -деп айқындап өтті.

Жоғары технологиялық компоненттердің ірі өндірушісі мен ҚазҰУ арасында «Samsung академиясының инновациялық қызмет көрсету» жобасы меморандумына қол қоюы инновациялық серіктестіктің бастамасы болды. Университеттің ірі әлемдік компаниямен жасалған жобалары дәстүрге айналып отыр. Тіптен ҚазҰУ мен электрониканы өндіру, сату лидеры арасындағы бұл екінші жоба болып есептеледі.

Samsung академиясының ашылуы университететте жұмыс жасап жатқан әлемге танымал «Hewlett-Packard», «Cisco», «Konikca Minolta», «Microsoft», «Alcatel» компанияларының платформаларын кеңейтеді. Осыған орай білімге негізделген адам капиталы мен экономиканың дамуына үлес қосатын әлемдік ғылыми-оқыту кеңістігінде Қазақстан өз позициясын бекіте түседі.