Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының оқытушыларымен кездесу өтті

10.09.2015

Көрулер: 3096

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі негізінде «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының («ИТП» АКҚ) оқытушыларымен кездесу өтті.

2015 жылы 8 қыркүйек күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-технологиялық паркі негізінде университет ғалымдарына «ИТП» АКҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шарада университет ғалымдары мен қонақтары Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің қызметкерлерімен 2015 жылы 19-20 қыркүйек күндері КИМЭП-те болатын Tech Garden Fest байқауына қатысу мәселелері талқыланды.

Ғалымдармен қатар студенттер де қатысқан кездесу барысында «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының стратегиялық бастамалар менеджрі Сырлыбаева Бэла Рашидқызы Tech Garden Fest байқауына қатысу шарттары мен екі күндік семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Tech Garden Fest (http://techgarden.kz) – бұл Алматы қаласында стартап жобалардың, инвесторлар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен ұйымдастырылып отырған алғашқы технологиялық фестиваль. Tech Garden Fest құрамында Tech Garden Startup Day бағдарламасы да жұмыс жасайды. 20 қыркүйек күні Tech марафон ұйымдастырумен қатар инновациялық жоба байқауының қорытындысы шығады. Байқаудың жүлде қоры 125 000 000 теңге. Жеңімпаз қаржылай сыйлықтан бөлек жаңа Tech Garden инкубаторында «Резидент» мәртебесіне ие болады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры, Алматы қаласының технологиялық даму Ұлттық агенттігі мен Алматы әкімдігі ұйымдастырады.