Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясында реформаны жүзеге асырудың 100 қадамы талқыланды

03.06.2015

Көрулер: 2902

Ел президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан көтерілген бес институционалдық реформалардың жүзеге асырылуы және оның аясындағы отандық ғылым мен білім беру саласының міндеттері Қазақстан жоғары мектебінің Ұлттық ғылым академиясының кеңейтілген президиум отырысында талқыланды(ҚЖМ ҰҒА).

Мәжіліске қатысушылар реформа аясында жоғары мектеп алдында тұрған мынадай үлкен көлемдегі сұрақтарды талқылады: «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциалау» заңы жобасын дайындау, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, мамандарды сертификаттау, ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру негізі ретінде инновациялық кластерлерді дамыту, елдің индустриалдық дамуы үшін жоғары білікті мамандарды дайындау, адами капитал сапасын арттыру.

«Ел басшысы ұсынған «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» академия қызметінің басты бағыты болуы қажет. Біз жоғары білім мен ғылымның өзекті мәселелерін шешуге көңіл бөліп, өзіміздің «жол картамызды» жасап шығауға, біздің ұйым мүшелерін тарта отырып, ғылым мен білім беру саласының нормативтік-құқықтық базасын дайындауға белсенді түрде қатысуға тиіспіз», – деді отырыстағы өз сөзінде ҚЖМ ҰҒА президенті академик Ғ. Мұтанов.

Мәжілісте танымал ғалым-академиктер – Н.К. Мамыров, Т.И. Есполов, А.И. Купчиншин, А.М. Газалиев, Д.К. Сулеев және басқалар сөз сөйлеп, академиялық қауымдастықты алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыруға шақырды. Сонымен қатар академияның аймақтық бөлімдері мен ғылыми секцияларының жұмысы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясы шеңберінде қызметті интеграциялау және шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу сұрақтары қозғалды.

Баспасөз қызметі