ҚазҰУ-дің өкілдері «Шексіз білім» іс-шараға қатысты

03.06.2015

Көрулер: 2427

2015 жылдың 27-30 мамыр аралығында Белгород қаласында «Шексіз білім» тақырыбындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 9-шы білім аптасы өтті. Осы іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім басқармасы ұйымдарының жетекшілері, ШЫҰ секретариатының эксперті Пруцких А.А., ШЫҰ Университетінің басты (базалық) ЖОО өкілдері қатысты.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттері білім аптасының маңызды жаңалығы «Нанотехнология» бағыты бойынша Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде оқуды сәтті аяқтаған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен К.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ магистранттарына Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университетінің сертификаттары ресми түрде табысталды.

Конференцияға және ШЫҰУ бағыттары бойынша магистрлік бағдарламаларды келісу әдістемелерін және бірлескен оқу жоспарларын құрастыру, оқу – әдістемелік құжаттары, ШЫҰ университетінің ары қарай дамуы жөніндегі білім саласының жаңа мәселелері қарастырылған жұмыс топтарының мәжілісіне Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан ШЫҰУ координаторы Айтбаев М.К. қатысты.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты