Буккроссинг эстафетасы – ҚазҰУ-да

30.04.2015

Көрулер: 2141

29 сәуір күні «Al-Farabi university – Smart city» жобасы аясында Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, мәдениеттану мамандығының 3-курс студенттерінің жүзеге асырған «Буккроссинг эстафетасы – ҚазҰУ-да» атты инновациялық жобасының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсімін жүзеге асырып, бастама берген факультет деканы Масалимова Алия Рымғазықызы және дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Құрманалиева Айнұр Дүрбеленқызы және кафедраның басқа да оқытушылары өздерінің жеке кітапханаларынан кітаптар сыйлады.

Буккроссинг – бұл кітап айналымының бүкіл әлемдік жобасы. Яғни осы проект аясында адамдар бір бірімен кітап алмасып немесе қоғамдық орындарға қалдырып кету арқылы кітапқа, бір сөзбен айтқанда, «екінші жанға» береді. Мұнда келген адам көңілінен шыққан кез-келген кітапты оқи алады. Егер үйіне алып кетем десе, орнына басқа кітап алып келуі керек.

Университетіміздің ректоры Ғ.М. Мұтанов: «Егер де жоба факультет деңгейінде жүзеге асатын болса, университет көлемінде жұмысты жалғастыруға қолдау көрсетеміз» деп оң бағасын берді.