«Қазақ халық әдебиеті» хрестоматиясы толықтырылған екінші басылымы жарыққа шықты

15.04.2015

Көрулер: 2545

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ фольклористикасы» оқу-зерттеу лабораториясы «Қазақ халық әдебиеті» 2 томдық хрестоматиясын (құрастырып, алғы сөзін жазған профессор С.Садырбайұлы) қайта өңделіп, толықтырылған екінші басылымын «Қазақ университеті» баспа үйінің баспаханасынан жарыққа шығарды.

Жалпы редакциясын басқарған профессор Қ. Әбдезұлы.

Қазақ халқының фольклорлық шығармаларының негізінде құрастырылған бұл кітап екі бөлімнен тұрады: халық творчествосының өзіндік ерекшеліктері мен теориясы; фольклорлық жанрлардың ең таңдаулы үлгілері айтыс, батырлар жыры, тарихи жырлары енгізілді. Сондай-ақ, халық творчествосының өзіндік ерекшеліктері мен теориясы; фольклорлық жанрдың ең таңдаулы үлгілерінің нұсқалары қамтылған.

Жоғары оқу орындарының филология және журналистика факультеттерінің студенттеріне арналған «Қазақ халық әдебиеті» атты оқулық-хрестоматиясының бірінші басылымы фольклористер Мәлік Ғабдуллин мен Сұлтанғали Садырбаевтың авторлығымен 1980 жылы жарияланған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті программасы» негізінде құрастырылып 1977 жылы «Мектеп» баспасынан жарыққа шыққан еді.

Аталған оқулық-хрестоматиясында көркемдік кестесі әдемі, идеялық мазмұны жоғары қазақ фольклорының таңдаулы үлгілері енгізіліп, сирек қолжазбалар мен мұрағат қазыналары пайдаланылған болатын.

«Биыл ақиық ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойының алдында шығарылған бұл кітап үлкен сұранысқа ие болары сөзсіз. Себебі: «Қазақ халық әдебиеті» хрестоматиясын құрастырып, алғы сөзін жазған профессор, Сүйінбайдың шөбересі Сұлтанғали Садырбайұлы. Ал, оқулық-хрестоматияның толықтырылған екінші басылымын факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлының қолдауымен «Қазақ университеті» баспа үйінен жарыққа шыққанын ерекше атап айтқымыз келеді», - дейді «Қазақ фольклористикасы» оқу-зерттеу лабораториясының жетекші маманы Ардақ Какимова.