"Наурыз" мейрамы "Гунны" демалыс орнында тойланды

22.03.2015

Көрулер: 2489

География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасы Қазақстан туристтік агенттігі ассоциациясы бірігіп «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Гунны» демалыс орталығында «Наурыз» мерекелік іс-шарасын өткізді.

Қонақтарды шашу шашып қарсы алып, ұлттық тағамдар әзірленіп, мерекелік дастархан жайылды. Қонақтар атпен аударспак, арқан тарту, қыз қуу, асық ату, алтанбақан сияқты ұлттық ойындарға қатысты.

Келген қонақтарға ең қызықтысы ол шеберлердің көрсетуімен өз қолымен киіз үйді тұрғызу болды.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы